Жаркөл бастауыш мектебінің мұғалімі
Балтыкысгенова Гульзира Курметовна
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Мақсаты: 1. Сөйлем тақырыбынан алған білімдерін пысықтау. Сөйлем мүшелерін айыра білуге үйрету. Сөйлем ұғымын практикада қолдану.
2. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сөйлеу; ойлау қабілеттерін дамыту
3. Оқушыларды өз елінің, өз жерінің салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын біліп, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Киіз үй сұлбасы; ұлттық ойындардың суреттері (бәйге, көкпар, қыз қуу), кеспе қағаздар, оюлар, тест парақшалары.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін біздің сыныпқа көп қонақтар келіп отыр. Біз оларға алған білімдерімізді, өнерлерімізді, көрсетейік. Бүгінгі сабақтың тақырыбы "Қайталау". Мына жұмбақты шешіп, біз қайталау сабақтың тақырыбын білеміз.
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)
- Дұрыс, бүгін біз сөйлем туралы не білеміз, соны еске алып, қайталаймыз.
II. Үй жұмысын тексеру.
Біріншіден үй жұмысын тексерейік. Қандай үй жұмысы берілді? 198жат. 80 - 81бет(оқу, лепті сөйлемдерді көшіріп жазу)
III. Негізгі бөлім. Қайталау. Сөйлем.
- Балалар, бүгін Сөйлем ата ауылында бір үлкен той болады. Жан - жақтан қонақтар жиналады. Біз де сендермен Сөйлем атаға конаққа барайық. Сөйлем атаның үйіне жеткенше,"Сөйлем"деген не, еске алайық.
1) Қане, кім сөйлем ережесің айтып береді? сөйлем ережесі
- Дұрыс. Міне, сөйлесе келе жатып, Сөйлем атаның киіз үйіне жеттік. Сөйлем ата сендерге мынандай тапсырма дайындап қойыпты: (cөздерден сөйлем құраңдар)
1) Жауды, қар, жапалақтап.
2) Тоның, ақ, киді, жер.
3) Жатыр, жасап, балалар, аққала.
4) Бетті, аяз, шымырлатады. (дәптерге жазып, оқу)
2) Сөйлем атаның 3 баласы бар екен. Қане, түрлеріне қарап, аттарын атайық. (Сұраулы, Лепті, Хабарлы)
- Сұраулы сөйлем деген қандай сөйлем?
- Хабарлы сөйлем деген қандай сөйлем?
- Лепті сөйлемнің ережесін айтыңдар?
Ал, енді мен сендерге осы үш ағайындының тапсырмаларын таратамын. Әр қайсыңа бір сөйлем беріледі. Бұл сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қойындар. Сосын, әрқайсың сөйлемнің түрін айтып, киіз үйдің қабырғасындағы қалташаға саласыңдар (карточкалар?,!,. кою.)
3) Қазақ халқының дәстүрі бойынша той болғанда, әр түрлі ойындар өткізіледі. Сол ұлттық ойындарының бір түрі - ат жарыс.
Ат жарыс ойын бірнеше түрде болады. Ол қандай екен, қане, айтайық (бәйге, көкпар, қыз қуу) тақпақ айту.
- Дұрыс, біз де енді сол ойындарға қатысайық.
Бірінші -"Көкпар" ойыны.
Қалташада қандай тапсырма бар екен? (199 - жат. 81 бетте) жазбаша
4) Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз дем алып алайық.
5) Келесі ойын "Қыз қуу" ойыны
Бұл ойынға қатысу үшін, қалташадағы тапсырманы алып, оқу керек.
(екіден ұл мен қыз тақтаға шығады, сөздерді буынға бөледі)
6) Ал, енді бәріміз бәйгеге қатысайық. Кімнің аты жүйрік екенін анықтайық. ( Тест тапсырмалар)
7) Ойын ойнап, шаршадық. Ауызымыз құрғады, бір кесе қымыз ішсек қайтеді. Сөйлем ата бізге қымыз дайындап қойыпты. Ыдыс алып, кымыз ішейік. Сөйлем атаның тағы бір тапсырмасын орындайық. (кітаппен жұмыс 200жат. 81 бет)
8) Ал, тойда болдық, ойынға қатыстық, қымыз іштік. Сөйлем атаға алғыс айтайық. Сөйлем атаның батасымен бірге, тағы бір тапсырма айтар жолға алдық. (хабарлы сөйлемдерді сұраулы және лепті сөйлемдерге айналдыр)
1. карточкаларда
2. 202жат 83бет. Сурет жұмысы
IV. Үйге тапсырма: 201жат 82бет
V. Қорытындылау. Баға қою.