Солтүстік Америка материгін қайталау сабағыСабақтың мақсаты:Білімділік

Скачать

Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Америка материгінің негізгі ерекшеліктерін жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері жөнінде алған білімдерін қорытындылау.
Дамытушылық: Солтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздік және шығармашылық жұмыстарды жасауға, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
тәрбиелік; Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке, жолдастық көмекке тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтары: Солтүстік Американың физикалық картасы, атлас карта, электронды оқулық, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Әдіс - тәсілдер: Дәріс - сұхбат, өзіндік жұмыс.

Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушыларды түгендеу
2) Кезекшілер міндеті
І. Кім шапшаң? (викториналық сұрақтар)
ІІ. Тапқыр достар (сәйкестігін тап)
ІІІ. Ең... ең.... ең... . (географиялық сергіту)
ІV. Білім кемесі (ситуациялық сұрақтар)
V. Сен білесің бе? (әр топ өз елдерін таныстырады)
VІ. Миға шабуыл (тест сұрақтары)
VІІ. Білгенге маржан (сөзжұмбақ шешу)
Қорытынды: Карта еліне саяхат

Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы,
№1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің
І санатты биология және география пәнінің мұғалімі
Кужакова Гульмира Ахатовна


Скачать


zharar.kz