Сабақтың тақырыбы: Қабысу
Сабақтың мақсаты: білімділік - сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарынан түсінік бере отырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландыру, қабысудың ерекшелігін, жасалу жолдарын меңгерту;
Тәрбиелік – оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, ұжымдық бағытта адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерінен алған білімдеріне сүйене отырып, талдау қабілеттіліктерін дамыту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ұжымдық талдау, ойтолғау, танымдық ойын, шығармашылық, сұрақ - жауап;
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Жабдығы: интерактивті тақта, сызба - кесте, суреттер;
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру.
ІІ Өтілген материалды тексеру, қорытындылау.
Сөздердің байланысу тәсілдерін еске түсіру.
а) Синтактис деген не?
ә) Сөздердің грамматикалық байланысын түсіндір.
б) Сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестері бір - бірімен қандай байланысу тәсілдері арқылы жасалады?
в) Сөздердің байланысу түрлерін атаңдар
ІІІ Жаңа сабақ:
Сөздердің байланысу түрлері
Қиысу меңгеру матасу қабысу жанасу
(Слайд арқылы түсіндіру)
1. Қиысу. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. (Абай).
2. Матасу. Достық деген адамның көрігі екен,
Достық деген адамның серігі екен. (Мұқағали).
3. Меңгеру. Асқар белден күн нұры шашырады,
Шашырап ол да көлге бас ұрады. (Мұқағали).
4. Қабысу. Сұрғылт тұман дым бүркіп... (Абай).
5. Жанасу. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (М. Ә.)
Ереже шығару.
Сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы іргелесе байланысуын қабысу деп атаймыз.
Байланысу түрлері Байланысу тәсілдері Мысалдар
Қабысу Сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы Алтын (түбір)
Жақсы (жалғау жоқ)
Әдемі (орын тәртібін сақтайды) Сақина оқу пішін (пішін әдемі деп айтылмайды.)
Қабысудың өзіндік белгілері мыналар:
1. Қабыса байланысатын сөздер үнемі жалғаусыз байланысады.
2. Қабыса байланысатын сөздер өздерінен кейінгі сөздерге түбір күйде төте (іргелес) жалғасып, орын тәртібі арқылы байланысады.
3. Сөйлем мүшелерінен ілік септіктен басқа тұлғада келген анықтауыштар мен сын қимыл пысықтауыштар анықталатын, пысықталатын мүшелермен қабыса байланысады.
4. Күрделі сөйлем мүшелерінің компоненттері де бір - бірімен қабыса байланыса алады.
5. Сөз таптарынан зат есім мен зат есім, сын есім мен сын есім, сілтеу есімдігі, есімше, етістіктер мен үстеу, көсемше, сан есім, сын есім, зат есім қабыса байланысады.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Есім сөздерден, кейде есімше тұлғалы етістіктен болады. Зат есімнен болады. Қимыл - сын үстеулер, күшейтпелі үстеулер, еліктеу сөздер Етістіктен болады.
Темір күрек, биік тау, бір мысқал, сонау төбе, айтылған сөз, айтар ой, т. с. с. Балаша күлді, әбден асқынды, жарқ етті.
Оқулықпен жұмыс.
257 - жаттығуды орындау. Мәтінді оқып шығып, қабыса байланысқан сөз тіркестерін тауып, талдаңыздар.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
1) Матасу тіркесін жаса 2) Меңгеру тіресін жаса.
.............. жеңісі.............. түсті
.............. үздігі.............. жазды
.............. арманы............... дайындалды
.............. ағасы................. бару
.............. кітабы................. шығу
3) Қабысу тіркесін жаса
Асқар.....................
Көркейген..............
Жиналған...............
Кең пейілді............
Жоғары...................
ІІ. Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ауызша ата.
Мысалдар Матасу Меңгеру Қабысу
Алғашқы ойлар
Еңбегінің жемісі
Орындалған арман
Жинақталған тәжірибе
Білгенге маржан
Адал достық
Білімнің кілті
Таудай талап
Күмістей жалтырау
Күнмен шағылысқан
Сылдырлаған бұлақ
Ауыр күрсіну
Көзін жұму
Шамның жарығы
Шаруашылықты байыту
Компьютер арқылы тест алу
1. Меңгеріле байланысқан тіркесті тап.
А) Ананың алақаны В) Анасын сыйлады С) Анасы келді.
2. Есімді тіркесті тап.
А) Мектепке баратын В) Еменнің жапырағы С) Қаланы аралады.
3. Сөз тіркесін тап.
А) Ағаш көпір В) Көпір арқылы С) Ағаштан түйін түйген.
4. Басыңқы сыңары есімшеден болған тіркесті тап.
А) Ұқыпты жазылған В) Оқыған азамат С) Оқитын оқушы.
5. Күрделі сөзді тап.
А) Суық жел В) Отыз оқушы С) Арал теңізі.
6. Су жүрек , тіркестің түрін тап.
А) Тұрақты тіркес В) Күрделі сөз С) Сөз тіркесі.
7. Пысықтауыштың сұрақтарын тап.
А) Қандай? Қай? В) Кімнің? Ненің? С) Қалай? Қашан?
8. Орын тәртібі жағынан іргелес тұру арқылы байланысатын сөз тіркесін белгіле.
А) Жанасу В) Қабысу С) Қиысу.
9. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы жасалатын тіркестің түрін көрсет.
А) Меңгеру В) Қиысу С) Матасу.
10. Етістікті тіркесті тап.
А) Есеп шығарады В) Қиын есеп С) Қызықты есеп.
11. Матаса байланысқан тіркесті тап.
А) Ұстазға еліктеу В) Ұстазын құрметтеу С) Ұстаздың ақылы.
12. Қабыса байланысқан тіркесті тап.
А) Жақсыдан үйрен В) Жақсы мінез С) Жақсылыққа ұмтыл.
ІІІ. Шығармашылық тапсырма
Қазыналы Қазалым тақырыбында ой толғау
Бекіту: Мен – саған, сен - маған Оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. 258 - жаттығуды орындау
2. Абай өлеңдерінен қабысуға мысалдар келтіру.