Бес асылмен дос болып, Бес дұшпаннан жиренем

Скачать

Өзім туралы
Өсіп келем жыл сайын
Қазір мен он жастамын.
Қалам алып қолыма
Өлең құрай бастадым.

Үндемеймін оншама,
Мінезім бар салмақты.
Бар ынтаммен тыңдаймын
Апай айтқан сабақты.

Ата-анама қолғанат,
Жігіт болдым жараған.
Абай атам айтқандай
Кірпіш болып қаланам.

"Бес асылмен" дос болып,
"Бес дұшпаннан" жиренем.
Жамандықтан сақтанып,
Тек жақсыны үйренем.

Алақанда аялы
Өтіп жатыр балалық.
Ешкім ойлап таппаған
Ашсам деймін жаңалық.


Скачать


zharar.kz