Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тәрбиеші: Абишева А. М.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Пән: Сауат ашу негіздері
Өтпелі тақырып: Табиғат әлемі
Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
Мақсаттары:
1. Тәрбиелік: тапқырлыққа, ойынның ұшқыр болуына тәрбиелеу.
2. Дамытушылық: дидактикалық құралдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
3. Оқыту: ғ дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету: жұмыс дәптері, әріп қималары.
Көптілділік: сызғыш - линейка, дауысты дыбыс - гласный звук.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тәрбиеші балалардың назарын тақтада ілініп тұрған әліпбиге аударады да, жұмбақ жасырады.
Жұмбақ:
Көп әріп ішінде -
Шалғы пішінде.
Тап мұны, түсін де.
- Дұрыс таптыңдар, балалар, бұл ғ дыбысы. Ғ дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы тілдің астыңғы түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дауыс шымылдығының дірілінен ғ дыбысы естіледі.
- Балалар, ғ дыбысын айтып көрейік
- Ғ дыбысы - дауыссыз дыбыс, әндетіп, созып айтуға келмейді.
- Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейтін едік?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Ғ дыбысы бар сөздерді кім тез тауып айтады?
- Кәне, кім аға сөзін қима әріптер арқылы тақтаға жазып береді?
- Енді ғ дыбысына байланысты жаңылтпаш үйренейік.
Жаңылтпаш:
Ағабай ағасын
Ағатай ағасың!
Аға деп бағалар,
Ағаның бағасын.
Жұмбақ:
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
- Сызғыш сөзін буынға бөліндер.
- Дұрыс айтасындар.
Көптілділік: сызғыш - линейка, дауысты дыбыс - гласный звук.
Ғарыш - аспан әлемі.
- Балалар, буындардың жазылуын сызба түрінде былай көрсетеді (тақтада көрсетеді): сыз - ғыш.
- Сызғыш сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Сызғыш, сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- 6 дыбыс, 6 әріп бар.
С - дауыссыз дыбыс.
Ы - дауысты дыбыс.
З - дауыссыз дыбыс.
Ғ - дауыссыз дыбыс.
Ы - дауысты дыбыс.
Ш - дауыссыз дыбыс.
2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс.
- Екінші буын қай дыбыстан басталады? (Екінші буын ғ дыбысынан басталады.)
- Дыбысты біз айттық, естідік, енді ғ дыбысының таңбасымен танысайық.
Тәрбиеші ғ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Тәрбиеші тақтаға қысқа буындар жазып, балаларға оқытады: ҒА, ҒҰ, ҒЫ, ҒО, ҒӘ.
Сөздерді оқыту: АҒА, ҒАРЫШ.
(Балалар буындар мен сөздерді тәрбиешінің көмегімен оқиды.)
Дид. ойын: Сөйлемдерді толықтыру
Ойын шарты: балалар тәрбиешінің бастаған сөйлемін жалғастырады.
- Өзімнен үлкен бауырым - аға.
- Қыз құлағындағы әшекей - сырға.
- Ат тұяғындағы темір - таға.
- Қап - қара құс - қарға.
- Шегені қағатын - балға.
- Жарыста айғайлайтын сөз - алға.
- Шыр - шыр еткен - торғай.
- Мысықтың баласы - марғау.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі № 9 тапсырма орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3. Қорытынды:
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ғ дыбысы қандай дыбыс?
- Қандай сөздерде ғ дыбысы бар екен?