Білім беру саласы: Таным
Оқу іс – әрекет түрі: Математика
Тақырыбы: Аз – көп деген ұғымды пысықтау; 1, 2, 3 цифрлары туралы ұғымды білу, геометриялық фигураларды ажырату
Мақсаты:
а) Аз – көп деген ұғымды пысықтау;
ә) 1 - ден 3 – ке дейінгі сандар туралы ұғымды үйрету;
б) геометриялық фигураларды табу қабілетін дамыту;
в) логикалық тапсырмаларды шешуді үйрету;
Мотивациялық - қозғаушылық:
Шаттық шеңбер:
Бүгінгі көктем күнінде,
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Сондай жақсы көңілмен,
Басталады бұл сабақ.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп
қонақтар келіпті.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем мезгілінде күн қандай болады?
- Жылынады
- Көктемде құстар қайтадан ұшып келеді, аңдардың бәрі ұйқыларынан
оянады. Солай ма балалар.
Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі сабағымызды бастайық.
Қызықты сәт.
Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.
Қоян: Сәлематсыздар ма! Балалар.
Тәрбиеші: Сәлематсыз ба қоян, қайдан келесің, көңілдісің ғой өзің?
Қоян: Ия, балалар бүгін менің туған күнім, менің достарым бәрі ұйқыларынан тұрып, туған күніммен құттықтап жатыр. Ал, қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен?
Қоян: Білмедім? Сыйлықты сендерге ашып көрсетейін бе? ( сыйлықты ашады)
Қоян: Ой балалар мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр алдағаны ма? (- деп жылайды)
Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Тәрбиеші: Қоян қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң сыйлығыңды табасың депті.
Қоян: Қандай тапсырма?
Тәрбиеші: Тапсырма математика сабағына байланысты екен.
Қоян: Ооооой, балалар тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар қоянға көмектесеміз бе? - Ия
Ал, қоянжан сен жайғасып отыр, біздің балалар саған көмектесуге дайын. (қоян отырады)
1 - тапсырма:
- Балалар енді тақтаға назар аударайық.
- Мына суретте не отыр? (Мысық)
- Ал мына жерде нелер тұр? ( Күшіктер )
- Мысық мында нешеу екен? Қане санайық. ( 1 ) яғни біреу
- Ал күшіктер ше?
Санайық қәне мен сендерге көмектесейін. (1, 2, 3 ) яғни үшеу
- Ал сонда қайсысы көп мысық па әлде күшік па? ( Күшік )
Дұрыс айтасыңдар күшіктер көп екен.
Менің оң қолымда қалам, ал сол қолымда қарындаштар.
- Қайсысы көп? (Қарындаштар)
2 - тапсырма: Қай пішінге ұқсас?
Тәрбиеші: Балалар, мынау қандай бұрыш? – деп жеке - жеке фигураларды көрсетеді,
балалар жауап береді. Дидактикалық ойын:
Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Балалар тақтадағы үлгідегі
бос төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ, сүр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып ытқып секірді
3 тапсырма: Сан қатары ( суреттер бойынша сандарды орындарына қой )
Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.
1.... 2.... 3 2..... 1..... 3
3.... 2.... 1.... 1..... 3..... 2
Тәрбиеші: Ой, жарайсыңдар балалар, деп жеке жұмыстарын көрсетіп мадақтайды.
Дауыс естіледі: о - оу - оу деп қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәламатсыңдар ма, балалар! Менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына сиқырлы таяқшам арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап
бердіңдер.
- Ал, енді қоянның сыйлығын берейін. ( сыйлығы беріледі )
Қоян: Сыйлығын ашып қарайды да, қуанып балаларға алғысын айтады, да екеуі орманға барамыз деп кетіп қалады.
Тәрбиеші: Міне, балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қоянға көп көмек
көрсеттіңдер. Қасқырдың тапсырмаларын орындап, қоянның сыйлығын тауып
бердіңдер.
Қорытынды:
Балалар бүгін біз не үйрендік? Заттардың аз көп болатынын
- Балалар бүгін біз неше сан өттік? 1, 2, 3
- Қандай пішіндер білеміз? Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, дөңгелек.
Өздеріңнің ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Жарайсыңдар балалар. Балаларды жеке-жеке мадақтау.
Ал, енді балалар осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды, бәріңізге уақыттарыңызды бөліп тамашалағандарыңызға рахмет.
Нені білу керек: Заттарды пішіндерінен ажырата алады, 1ден 3 ке дейін санды санауды. Кеңістікте бағдарлаудың алғашқы дағдыларын айта алады.
Нені білді: Өзінің іс-әрекет дағдысына баға береді. Заттардың ішінен геометриялық пішінге ұқсас заттар тобын құрады. Аз көп деген ұғымды түсінді.