Гидросфера қабаты қандай қабат

Скачать

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Биология - 9 сынып

Сабақтың тақырыбы: § 66. Биосфера – тіршілік қабаты
Сілтеме: Оқулық 9 - сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға барлық тіршілік процестерінің біртұтастығы, биосфера шегіндегі тіршіліктің сан қырлы процестері туралы білім беру. Биосфера туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін кеңейте отырып, биосфера құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже. Оқушылар биосфера туралы білімдерін толықтырып, биосфераның негізгі қасиеттері туралы, биосфераның әртүрлі ластану жолдары мен олардан сақтану, қорғану шаралары туралы біледі.
Ресурстар: Интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық.
Сабақтың өту әдісі: Диалогты оқыту әдісі, топтық оқыту, Ойлаудың алты қалпағы әдісі, АКТ - ны қолдану әдісі

Ұйымдастыру кезеңі: 3минут
1. Сәлемдесіп, сыныпты түгендеп, сыныпты топқа бөледі (түсті қағаздар арқылы ).
2. Сыныпта психологиялық ахуал орнатады.
1 Деңгейлік тапсырмалар
1 - топқа:
А - деңгейі:
А. Атмосфера қабаты, оның химиялық құрамы
А. Атмосфера қандай қабаттардан тұрады?
В. Тіршілік үшін атмосфералық ауаның маңызы
С. Атмосфераның қызметі
Д. Атмосфераның түзілуі
2 - топ:
А. Гидросфера қабаты қандай қабат?
А. Гидросфераның құрамы
В. Гидросфера қабатында тіршіліктің таралуы
В. Мұхит түбіндегі тіршілік
С. Су көздерінің ластануы
3 - топ:
А. Литосфера, оның қабаттары
А. Литосфера қабатының құрамы неден тұрады?
В. Топырақ дегеніміз не?
В. Топырақ –”тіршілік тірегі ” дегенге қалай түсінесіңіз?
С. Литосфераның бүгінгі экологиялық жағдайы туралы не айтасыңыз?
4 - топ:
А. Биосфера дегеніміз не, оның басты қасиеттері қандай?
А. Биосфераның алуан түрлілігінің себебін қалай түсінесің?
В. Биологиялық өнімділік дегеніміз не?
В. Биомасса деген не?
В. Биосфераның қай қабаттарында биологиялық өнімділік жоғары?
С. Биосфераның тұрақтылығына қауіп төндіретін қандай жайттарды атар едің?
Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын сұрау:
Қызығушылықты ояту . Сәйкестендіріңіз

Пән мұғалімі: Атшыбаева К.


Скачать


zharar.kz