Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын

Скачать

КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ
(ашық тәрбие сағаты)
1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
Отырыңыз қол соғып,
Алтын күз кешіне.
Шат күлкіге бөлене.
1 - жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
Күзді қарсы алайық!
Күз:
Сәлем, өрен достарым,
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
2 - жүргізуші:
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
Алтын күзді тойламыз!
1 - жүргізуші:
Өнім үйіп тастадық,
Берекелі алтын күз,
Оқуды да бастадық.
Ашық болсын аспаның!
Хор: Алтын күз
Келді міне алтын күз,
Астық толды қырманға,
Бақшамызға арайлы.
Қызу еңбек басталды.
Қуанамыз бәріміз,
Жеміс - жидек бақшаның,
Алтын күзге шырайлы.
Ауласында жиналды
Ля - ля - ля - ля - ля Ля - ля - ля - ля - ля
Алтын күзге шырайлы.
Ауласында жиналды.
Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.
Тілейміз әркімге
Молшылық пен байлықты!
Ля - ля - ля - ля - ля
Молшылық пен байлықты!
1 - жүргізуші: Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
2 - жүргізуші: Иә, сізді байлық, молшылық, дархан күз деп білеміз. Біздің сізге арнаған сыйымыз бар. Сізге арнап үш топ өз өнерін көрсетеді. Соны тамашалаңыз!

Күз:
Барлығыңды қимаймын,
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын.
Өздеріңмен біргемін - деп себетке салынған жеміс - жидектерін, сыйлықтарын көрсетіп, әділқазыларға да береді.
Оқушылар хормен: Жаса, жаса, Алтын күз! - деп айтады.
1 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
1 - жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып
2 - жүргізуші: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ атты мерекелік сайыс түрінде өтетін тәрбие сағатына жиналып отырмыз.
1 - жүргізуші: Бұл сынға үш топ қатысқалы отыр. Алдымен әділқазылар алқасымен таныстырайық: мектебіміздің директоры - Айман Оразовна, директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Айгүл Болатовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Кәмшат Болатовна, және бастауыш сынып кафедрасының меңгерушісі - Ақшагүл Мәжитовналарды орындарына отыруды өтінеміз.
2 - жүргізуші:
Уа, халайық, халайық, Сәлем жолдап баршаңызға Бәріне жар салайық! Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға!
1 - жүргізуші:
Енді, құрметті көрермендер, Көкөністер , Жемістер , Астықтар тобын орындарына отыруды сұраймыз.
2 - жүргізуші: Кештің шартымен таныстырайын:
1. Таныстыру(өз тобы жайлы мәлімет беру, слайд - шоу жасау - 5 балдық ұпай)
2.
3. Өз өнерлерін көрсету(1ән, 1 би немесе 1күй – 5 балдық ұпай)
4. Ойлан, тап! жұмысы (мұнда әр топ үш жұмбақтан жасырады, қай топ дұрыс шешсе, сол топқа 1 ұпайдан қосылады)
5. Шығармашылық жұмыс (өз ойларынан ертегі шығарып, сахналау, - 5балдық ұпай)
6. Сыңарым қайда? жұмысы (мақал - мәтелді тыңдап, жоғалған сөзді табады - 1ұпайдан)
7. Сурет және қол еңбек көріністері, Күз – береке, күз - мереке тақырыбына әр топтан 1 шығарма – 5 балдық ұпай
8. Қорытынды. Сәнді киім парады. Марапаттау.

Мұғалім: Ендеше, сайысымызды бастайық. Әр топ ортаға шығып, өздерін таныстырсын. Қалған жұмыстар жоспар бойынша ретімен жүре береді.
Сайыс соңында Күз сөйлейді:
Рахмет, достар, өнеріңе! Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз, Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығың өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: Сау болыңыз, Алтын күз!
1 - жүргізуші: Осымен КҮЗ – БЕРЕКЕ, КҮЗ – МЕРЕКЕ атты мерекеміз аяқталды. Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына берейік.


Скачать


zharar.kz