Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
Қайыр бар жерде ырыс бар.
Жақсылықтың ерте - кеші жоқ.
Күшті қауіпті емес, кекшіл қауіпті.
Жақсылық еккен алғыс орады.
Жақсы адамның танысы көп, жаман адамның жақыны жоқ.
Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
Оқтаулы мылтық мың күн тұрса, өзі атылады.
Істеген жақсылығын біреуден болмаса, біреуден қайтар.
Жамандық пайда етпейді, жақсылық зая кетпейді.
Егінші мәрт – жер жомарт.
Не ексең, соны орарсың.
Көзі жаманның сөзі жаман.
Жақсы туса – елдің ырысы,
Жаңбыр жауса – жердің ырысы.
Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.
Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң - азарсың.
Жақсы көргенін мақтап жүрер, жаман көргенін даттап жүрер.
Жақсы жүрген жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады.
Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың.