Аналарға мың алғыс

Скачать

Тақырыбы: Аяулы менің анашым
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілерді таныстыру.
1 - жүргізуші:
2 - жүргізуші:
Мұғалім сөзі:
Ана - өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.

Осы бір АНА деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым, бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
Құрметті Ұстаздар, ата - аналар, қыздар сіздерді алда келе жатқан 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз. Халықаралық әйелдер - қыздар мерекесі құтты болсын! Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілей отырып, 2 Г сынып оқушылары дайындаған Аяулы менің анашым атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ. Негізгі бөлім
1 - жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2 - жүргізуші: Бүгінгі мереке 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған Аяулы менің анашым атты мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1 - бет: Кіріспе сөз
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8 - наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Ән - Хормен: Анашым әнін орындау
1 - жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
2 - жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Мәнерлеп өлең оқу: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
Асанәлі: Анаға сыйлаймыз
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Анаға сыйлаймыз. А. Бақтыгереева

Али: Апама М. Хакімжанова
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Аружан: Анамызға мың алғыс
Аялаған, баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!
Адал бол, - деп балдырған ,
Әділдікке баулыған,
Жүрегін де баулыған,
Тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс!

1 - жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,
Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.

Ән: Ақ мамам

2 - жүргізуші: Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың,
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың!

1 - жүргізуші: Асылдың сөзі - ақылдың кені демекші аналар жайындағы нақыл сөздерге сөз кезегін берейік
1 - оқушы: Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
2 - оқушы: Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
3 - оқушы: Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
4 - оқушы: Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
5 - оқушы: В. Гюго: Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя .
6 - оқушы: Б. Г. Белинский: Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді .
7 - оқушы: О. Бальзак. Ана көрегендігінің теңдесі жоқ .
8 - оқушы: В. А. Сухомлинский: ... Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың .

1 - жүргізуші: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
2 - жүргізуші: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
9 - оқушы: Ана – біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
10 - оқушы: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім дейтін.
11 - оқушы: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
12 - оқушы: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын!
13 - оқушы: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ әжемді,
Жүрсем деймін шаттандырып.
Ән - Хор “Құттықтаймын ана туған күніңмен”.
14 - оқушы: Бұл көктем ала келген мерекесін
Наурыз ғой елге берген мерекесін
Наурыздан бұрын тойын тойлайтын
Ардақты ана әйел сен екенсің
15 - оқушы: Көктемде күн сәулесі мөлдіреген
Айнала жасыл тудай желбіреген
Қазағым қыз - келіншек аналарды
Қырдағы гүлге теңеп елжіреген
Би: Көктем вальсі
16 - оқушы: Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Құрметті ата - аналар
17 - оқушы: Тынығып әже серігіңіз
Ертек айтып беріңіз
Әже сүйген баламыз
Сізден тәлім аламыз
18 оқушы: Тірегі болып жанында
Бірге еріп жүремін
Жанашырым жанымда
Тек әжем деп білемін
19 - оқушы: Бізді өсірген апатай
Еңбегің зор шығар
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең
20 - оқушы: Менің әжем айналғанда
Айым дейді күнім дейді
Ренжігені білінбейді
Екі көзі нұр шашады
Күн секілді күлімдейді
21 - оқушы: Не жетеді бағаңа
Күндей етіп өсірдің
Ақ сүтіңді анажан
Немен ғана өтермін.
22 - оқушы: Айтса болды тіл алам
Сені көрсем қуанам
Сен керексің қашанда
Шуағымсың сен анам
23 - оқушы: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әрқашанда ардақтап
Қошеметтеп бас иеміз
24 – оқушы: Ана деген кім десе
Шуақ шашқан күндерім
Сәби үшін ұйықтамай
Арпалысқан түнменен
25 – оқушы: Алтын шуақ төгілді
Гүлдер жапты өңірді
Жұпар иісі себілді
Көктем күні көңілді
26 – оқушы: Ана біздің гүліміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ ғұмыр сүріңіз
27 - оқушы: Аналар шаңырақтың сәулесі ғой
Ана деген баршаның дәулеті ғой
Адамды адам еткен ақ сүт беріп
Жаңа өмірге сәбиін жетелеген
28 - оқушы: Мәпелейсің мені ана
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Қашағыңда қысылмай
39 - оқушы: Санатқа кіріп баласы,
Сүйсе де өзі немере,
Әлі де сәби көре ме,-
Алаңдар қайран анасы.
Миллиондарға баласы
Ұстаз боп тәлім берсе де,
Ақылдан гауһар терсе де,-
Алаңдар асыл анасы.
Абырой алып баласы,
Әлемге билік етсе де,
Ай - күнге қолы жетсе де,-
Алаңдар туған анасы.
30 - оқушы: Аялаған баптаған,
Асыраған сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Хормен: Анамызға мың алғыс!
31 - оқушы: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Хормен: Әжемізге мың алғыс!
32 – оқушы: Адал бол, - деп, - балдырған ,
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде марқабат
Хормен: Апаларға мың алғыс!
Ән:
33 – оқушы: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі.
Маған айтып береді.
34 - оқушы: Анам мені: Айым - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: Күнім - дейді
Мен қуансам күлімдейді!
35 - оқушы: Әжем мені Жаным - дейді
Жан жүрегім балым дейді
Сен үшін мен әлемдегі
Бар асылды алам - дейді
36 – оқушы: Еркелесем, күлімдейтін.
Ұрысқаны білінбейтін,
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым күнім - дейтін,
Әлемдегі ақылды адам -
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе мен де
Батырларша батылданам.
37 - оқушы: Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
38 - оқушы: Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын.
Анашымды сыйлаймын!
39 - оқушы: Сәуір - Наурыз егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл ол адамның лебізі,
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін
40 - оқушы: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
"Алтыным" деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!
Ән:
41 - оқушы: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!
42 - оқушы:
Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар -
Әлия мен Мәншүкте!
43 - оқушы:
Ана - көркі көгімнің
Ана - нұры жерімнің.
Ана - бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
44 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ!
45 - оқушы: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз!
46 - оқушы: Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан - алуан ауыр сынды аттаған,
Адалдықты ар - намысты сақтаған
Мен ананың сонысына мақтанам.
47 - оқушы:
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Ән:
1 - жүргізуші: - Назерке сен білесің бе? Ана дегеніміз өзі керемет жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып сусын беретін. Мен де сол анама өлең оқығым келіп тұр.
Сылаймын мен гүлімді
Теріп алған даладан
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын анажан!
2 - жүргізуші: Ал менің анам ұйықтағанда ән айтып ертегі айтып оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтып беретін, менде анама өлең оқығым келіп тұр.
Аялаған анамыз
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз
Шырағы боп жанамыз
Ана біздің күніміз
Аналардың гүліміз!
Мұғалім:
- Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғс.) – ға сахабалары келіп
- Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: - тағыда Анаға,- деді төртінші кімге дегенді:
- Әкеңе,- деді.
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт - дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!- дегім келеді.
Ән:
1 – жүргізуші: 8 - наурыз адамдар да, тіпті табиғатыңда өзі бұл күні біздің тамаша әйел аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ия бұл мерекенің басқа жыл мезгілінде болуы қисынға келмейді. Себебі, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
2 - жүргізуші: Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмас жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. Ана сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды
1 - жүргізуші: Мектеп үшін ата - аналар бөлексіздер,
Мектеп үшін қашанда керексіздер.
Ата - аналар ардақты абзал жандар,
Ұстаздармен қашанда біргесіздер.
2 - жүргізуші: Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
1 - жүргізуші: Біз ғана емес
Қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар.
2 - жүргізуші: Балалар анамызды құрметтейік,
Көңілін ешқашанда кірлетпейік.
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті болып,
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.
1 - жүргізуші: Құрметті аналар, әжелер! Сіздердің отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін. Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпырып, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін!
2 - жүргізуші: Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын.
Бар тілекті арнайтын балаңызға,
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
1 - жүргізуші: - сонымен бүгінгі біздің Аяулы менің анашым! атты мерекелік шарамыз аяқталды, ынта қойып тыңдағандарыңызға көптен - көп рахмет!


Скачать


zharar.kz