Мажор және минор тональностері

Скачать

Солфеджио сабағы 1 класс
Мұғалім Тілекина Ш
Сабақтың тақырыбы: 3 4 өлшемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушының сабақты жақсы меңгеруіне ықпал жасау.
1. Тәрбиелік мақсаты: Жаттығу айту барысында таза айтуға баулу, эстетикалық тәрбие беру
2. Дамытушылық мақсаты: Жаттығу, гаммаларды бірігіп айтуға үйрету, ұзақтықтарды айыра білуге үйрету.
3. Сабақ барысы:
1). Ұйымдастыру:
а) Оқушыларды класқа кіргізіп, сабаққа қажетті (дәптер, сызғыш, қалам, қарындаш, өшіргіш) құралдарын алып, сабаққа назарын аудару.

2). Үй тапсырмасын тексеру:
Ля минор гаммасын әр түрлі ұзақтықтарда айту.
365 жаттығу.
Ля минор
Ля минор дыбыс қатары минор ладына жатады. Тоникасы ля дыбысы. Қарама – қарсы тональносі до мажор. Қозғау белгісі жоқ. Тұрақты дыбыстары: и ля, до, ми. Тұрақсыз дыбыстары: соль, си, ре, фа.
Минор гаммасының құрылымы:
1т, 1 2т, 1т, 1т, 1 2т, 1т, 1т.

3). Өткенді қайталау:
Өткен барлық тапсырмаларды еске түсіру.
1. Нота деген не?
2. Такт, Такт сызығы деген не?
3. Өлшем дегенімі не?
4. Пауза деген не?
5. Қозғау белгілері деген не? Қандай қызмет атқарады?
6. Мажор және минор тональностері
7. Екпін деген не? Неше топқа бөлінеді?
8. Затакт деген не?
9. Реприза дегеніміз не?
10. Кіріспе дыбыстар деген не? Ол қай
Басқыштар?

4. Жаңа сабақты меңгерту: 3 4 өлшемі
3 4 өлшемінде үш үлес бар. 1 әлді үлес, 2 әлсіз үлес. Бір такт іші 1и, 2и, 3и, - ге саналады.
Дирижерлық схемасы

5). Қорытынды: Үлестірмелі қағаздар таратып, сол арқылы жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін тексеру.
Оқушыларға бір – бір конверт беріледі ішінде ¾ өлшемі бейнеленген схема бар. Сол схемаға қосымша берілген нота ұзақтықтары да берілген, соны саналуына қарай орналастыру.

6). Бағалау:
7). Үйге тапсырма беру: ¾ өлшемі туралы келу. Өткен сабақтағы тапсырмаларды үнемі қайталап жүру.


Скачать


zharar.kz