Математикалық регата
Мақсаты: Математикадан алған білімдерін қолдану дағдысын жетілдіру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру; теориялық білімін қолдана білу мен есептеу дағдыларын дамыту; бір-бірімен жеке қарым-қатынасқа тәрбиелеу, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыбы жазылған плакат, нақыл сөздер, карточкалар, лото тастары немесе конфеттер, түрлі түсті қағаздар.
Ж О С П А Р Ы:
1) Кіріспе.
2) Топтармен жұмыс.
3) Қорытынды.
І. Кіріспе.
Регата - итальян сөзі, бір уақыт аралығындағы желкенді, ескекті және моторлы кемелер арасындағы жарыс деген ұғымды білдіреді. Кеңестер Одағы кезінде де желкенді кемелер апталығы жарысы өтіп тұрады. Ал жарысушы әр кемеде адамдар топтары жұмыс істейді. Сондықтан математикалық регатада да топтар жарысады. Әр топ 6 - 9 класс оқушыларынан құралады. Әуелі лото тастарын қарамай таңдау арқылы топқа бөлінейік: Рационал және Иррационал топтарына. Тапсырмалар белгілі уақыт аралықтарына 3 турға бөлінген. Тапсырмалардың орындалу барысын тексеру үшін мұғалімдер мен оқушылар тобы жұмыс істейді.
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы, Харькин ОЖББМ
Имангалиева Бекзат