Әкесіне немере Құлтай деген бабасының Тортай деген жалғыз баласы

Скачать

Алпамыс батыр жыры
( Алтын сақа ойыны негізінде өткізілген танымдық сабақ, 9 – сынып)
Сабақтың мақсаты:
Алпамыс батыр жырын оқыта отырып, оқушының есте сақтау қабілеті мен ой шапшаңдығын дамыту. Жырдан үзінді жаттауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Ауыз әдебиетіне қызығушылығын оята отырып, ерлікті бағалай білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып, бөлімдер және М. Ғабдуллин,
М. Әуезовтің сөздері жазылған плакаттар, Ақсауыт жинағы, суреттер, асық, конверт
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Ойынға қатысушы оқушыларды іріктеу үшін тапсырмалар
І. Т А Б А Л Д Ы Р Ы Қ
1. Баяғы өткен заманда,
............... жерінде,
Қоңырат деген елінде,
Байбөрі деген бай бопты. Жауап: Жиделі Байсын

2. Байбөрінің малы қанша, жырда қалай көрсетіледі?
Жауап: Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық ноқта тимеген
Сексен мың екен маясы
Тоғай сайын мың жылқы
Өз алдына бір бөлек
Торысы мен аласы...
3. Құлтайдың Байбөріге қандай туыстығы бар?
Жауап: Байбөрі атадан жалғыз ер еді
Жоқ екен іні - ағасы
Құлтай деген туысқан
Немере мен шөбере
Екеуінің арасы.
4. Сол күнде Құлтайының тезекші қара күңінен бір ұл туады. Баланың аты кім еді?
Жауап: Балаға таңсық болып жүрген байғұс
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп
Ұлтан деп ол баланың атын қойды.
( Ойынға қатысушы оқушылар іріктелді. Реттік саны анықталып, конверт таңдалды)
ІІ. Ә У Д Е М Ж Е Р
1. Жырда Ұлтанды қалай суреттейді?
Жауап: Бір түрлі болды нұсқасы...
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегінің тесігі
Түгімен түйе өткендей...
Аузы үлкен пышақтай,
Азу тісі пышақтай...
2. Алпамыстың жары Гүлбаршын кімнің қызы, қай елдің байы еді?
Жауап: Шекті деген елдің Сарыбай деген байы еді.
3. Сарыбайдың әйелі қыз туып, екі бай сүйінші сұрап құда болыпты. Сонда қандай ырымдар жасапты?
Жауап: Құйрық жеп, бетке ұн жағу.
4. Тайшық хан түсінен қорқып Алпамысқа жалғыз қызы Қаракөзайымды бермекші болғанда, мыстан кемпір өз баласына сұрайды. Жырда баланы қалай суреттейді?
Жауап: Самайынан ірің аққан, мұрынынан боқ аққан, басы таз.
(Сұраққа жауап бере алмаған оқушы ойыннан шығарылады. Конверт таңдау)
ІІІ. Қ О З Ы К Ө Ш
1. Тайшықтың қызы Қаракөзайым әкесінен серуен құруға рұқсат сұрайды. Сонымен бірге тағы не сұрайды?
Жауап: Әке, маған отау бер,
Жүз серке бер ойнатып,
Қырық қыз нөкер қосып бер
Сүрейін дәурен далада.
2. Диуана болып келіп Тайшықтан Байшұбарды алып кеткен кім?
Жауап: Қаракөзайым. Құнан күнінде ит тиіп ауырып, содан мен емдеген едім.
3. Шұбарды алдап алғанын
Ақылмен Тайшық білді енді,- дейді жырда. Тайшықтың күйін қалай суреттейді?
Жауап: Жағасын дал - дал жұлды енді,
Өгіздей – ақ өкіріп,
Өзін тақтан ұрды енді...
(Сұраққа жауап бере алмаған ойыншы тағы шығып қалады).
ІҮ. Б Е Л А С А Р
1. Гүлбаршынның әкесі Сарыбай елден не себептен көшті?
Жауап: Менің күйеу балам Алпамыс жалғыз болды, егер жазатайым өліп кетсе, қызым Ұлтан құлға қор болар, қызымды бермей, жр ауып көшейін.
2. Байбөрінің жалғыз ұлға зар болып жүріп, әулие - әмбиелерді аралап түнейді. Соның бірі Баба түкті Шашты Әзіз қай уақыттар болғанда еніп еді?
Жауап: Бір етегін жамылып,
Көзінен жас ағылып,
Құбылаға бас беріп
Жарыса түсіп бұл жатты,
Көздері мызғып ұйқыға...
Әне – міне дегенше
Сарғайып келіп таң атты.
( Жеңген бала Жолайрыққа өтеді)
Ү. Ж О Л А Й Р Ы Қ
1. Алпамыс батыр көңілін қатайтып, жүрегін тоқтатып еліне келе жатса, жолында бір шатыр тұр. Шатырға келсе, ішінде бес бек ұйықтап жатыр, бес бектің алдында біреу
мосыға шай қайнатып отыр. Бұл кім?
Жауап: Әкесіне немере Құлтай деген бабасының Тортай деген жалғыз баласы.
( Жолайрықтан өткен оқушы таңдау жасайды. Білімін саралағысы келсе Көмбенің сұрағына жауап береді.)
ҮІ. К Ө М Б Е
Жыр соңында Ұлтанды өлтірген кім және қалай жазалайды?
Жауап: Алпамысты тани сап,
Топтан шыға қашады.
Жібермеді Алпамыс
Албастыдай басады.
Арттан келіп Жәдігер
Найзасымен шаншады.
- Ата, маған бер,- деді -
Қайратымды көр деді.
Баласына береді,
Артынан өзі ереді,
Домалатып ойнайды,
Үйге әкеп байлайды.
Тез өлтірмей Ұлтанды
Терісін сойып алады.
Тірсегінен тілдіріп,
Бәйтеректің басына
Салбыратып іледі.

Жеңімпазды марапаттау.

Пікір: Сыныптан тыс өткізілген бұл шаралар оқушылардың білімін одан әрі толықтыруға бағытталды.
Оқушылар біраз керекті мағлұматтар алды.


Скачать


zharar.kz