Бұдан артық әлем болмас өнеге сағаты

Скачать

Тақырыбы: “Бұдан артық әлем болмас” өнеге сағаты.
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік, достық сезімін ояту. Достар арасындағы сыйластық, сенімділік, жауапкершілік сезімдерін байқау. Үлкен өмірге деген сезімін сезіну.
Сабақ түрі: Өнеге, пікірталас, ой - талқылау.
Қатысушы қонақтар: Мектебіміздің психологы, әлеуметтік педагогика, өзін - өзі тану пәні мұғалімі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар мектебімізде “өзін - өзі тану” рухани - адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің 1 - ші ханымы С. Алпысқызының туған күнімен тұспа - тұс келіп отырған апталықтың бір бөлімі “Бұдан артық әлем болмас” өнеге сағатына қош келдіңіздер!
Өнеге сағатына қатысушы қонақтар…

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да балалар.
Күні кеше қолдарына “өзін - өзі тану” пәнін қолдарына ұстап рухани - адамгершілік білімдерін толықтырған оқушыларымыздың ыстық, махаббатқа толы лебіздерін тыңдайық.
Бәрінің бастауы - Махаббат!
Жаныңа нұр сепкен шапағат
Еңбектің рахатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген,
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы мейірін қандырған
Шуағы жылытқан жүректі
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы - Махаббат!

1. Біздің балаларымызға өзін - өзі тану пәнінің берер тәрбиелік мәні зор.
2. Адам баласының бойындағы жылылық пен сыйластық сезімдерді оятады. Сонымен қатар шаттыққа толы сәттердің өзі баламыздың санасындағы ізгі тілектердің жалғасы болмақ.
3. Өзін - өзі тану әлеміндегі Махаббат періштесі, жылы жүректік барша адамды ізгілікке, парасаттылыққа шақыра білері сөзсіз.

Жүргізуші:
“Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ұлт болашағының алдында ұстаздың атқарар міндеті өте зор. “Өзін - өзі тану” пәнін жүргізе отырып оқушылардың бойындағы мейірімділік, сүйіспеншілік, махаббат, достық қасиеттерді көре отырып жұмысымыздың нәтижелерімен сүйсінгендейміз. Әрине, бұл қасиеттер оқушылардың бойына білім және тәрбие арқылы дариды.
Мейірім боп ұша берсін тағы да ән,
Сізді жақсы көре берсін бар ұлан
Сара анамыз салып берген даңғылмен
Әр оқушы өзін - өзі таныған.
Өзін - өзі тану пәнінің мұғаліміне сөз беріледі:-------------------

Дана халқымыз “әрбір бала бір жұлдыз, әрі жұлдыздың орны бар” деген екен.
Әлеуметтік педагогке сөз беріледі:---------------
Мейірімін “Бөбекке” төккен анаға
Жүректерді жүрекпен өпкен анаға
Жетімдерді жетекке ап кеткен анаға
Ақпанда туған жүрегі аппақ анаға
Мың алғыс!
“ Бөбек сауықтыру” орталығында демалып келген Мұқағали мен Диас ағаларын алғыстарын арқалап келіп отыр.

- Жолдамаға қалай қол жеткіздіңіз?
- Алматыны көргенде қандай сезімде болдыңыз?
- Қызықты қандай сайыстарға қатыстыңыз?
- Басқа лагерлерден қандай айырмашылығы бар?

Сыныбымыздың үлгілі оқушысы ---------------- анасы “Алтын алқа” иегері -------- сөз беріледі.
Қорытынды: “Бұдан артық әлем болмас”
Тұлға болып қалыптасуыңа мүмкіндіктің бәрі жасалған.
Жан - жақтан осындай қолпаштауға ие болып жатсақ бұдан артық қандай әлем керек.
Өмір сүріп жатқан әлеміміз ғарыштап дамып келеді. Тек сеніммен батылдық керек. Сонда ғана әлем гүлденеді.
Осымен “Бұдан артық әлем болмас” өнеге тәрбие сағатымыз аяқталды. Ой бөліскен қонақтарға көп-көп рахметімізді айтамыз.


Скачать


zharar.kz