§ 10 Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт - азаттық көтерілісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары, себеп - тері, мақсаты, көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, осы көтерілістің дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.
Дамытушылық: Өткен сабақтағы материалмен байланыстыра отырып, дерек
тердің ерекшелігі мен айырмашылығын, ұқсастығын айыра білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өздігінен іс - әрекетті қалыптастыра отырып, туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қасиеттерді үлгі ету, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Тірек ұғым: Қазақтардың ұлт - азаттық күресіне Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің ықпалын көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, салыстыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Қазақстан картасы, тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалар портреті,
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин.
а) Сәлемдесу;
б) Сабаққа даярлығын байқау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру - 7мин.
а) Сұрақтар:
*Қазақтардың 1773 - 1775ж. ж. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына не себеп болды?
*Орта Жүз қазақтары бұл соғысқа қалай қатысты, оның ерекшелігі неде?
*Кіші Жүз феодалдарының қолдауына соншама үміттенген Е. Пугачев кімге үндеу жолдады? Оның үндеу жолдаудағы мақсаты қандай еді?
*Көтерілістің жеңілу себебі неде?
б ) Тапқыр болсаң тауып көр
Өрнектің мәнін табу арқылы Сібір шебінде орналасқан үкімет әскерінің санын білеміз:
( 750 - 345)+(816: 4)- 409
ІІІ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық - Ой түрткі салу
- Отар ел деп басқа елге толықтай тәуелді, бағынышты елді айтады.
Ұлт - азаттық қозғалыс ұғымы:
- Отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
- Отар елдерге тән табиғи құбылыс, ол көп халық қатысқан қарулы қарсылық.
- Ұлтты отарлық езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін, тәуелсіздігін қалпына келтіру.
IV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
1. Көтерілістің алғышарттары мен себептері
2. Көтерілістің басты мақсаты
3. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері
4. Көтерілістің сипаттамасы
5. Көтерілістің жеңілу себептері
6. Көтерілістің тарихи маңызы
Топтастыру кестесі:
1. Көтерілістің алғышарттары:
- Патша үкіметінің қазақ жерін отарлауы
- Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы
- 1782 ж. патша Жарлығы бойынша:
1. Қазақ жерінің қазақтарға берілуіне тиым салу.
2. Жалға алынған жер үшін ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды
- Кіші Жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.
2. Көтерілістің басты мақсаты:
- Бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
- Орал казак әскерлерінің қазақтың жерлерін тартып алуын тоқтату.
- Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауға көшуі.
3. Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері:
- Сырым Датұлы;
- Қарапайым қазақ шаруалары,
- Билер, Батырлар
4. Көтерілістің сипаттамасы:
- 1783 ж. көтерілісшілер мен Орал казак әскерінің арасындағы күрес
- 1785 ж. Смирнов, Колпаков, Назаров басқарған әскерлер қазақ ауылдарын тонады
- 1785 ж. Кіші Жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылдауы.
- 1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа
жағына өтіп кетті.
- 1802 ж. Хиуа жерінде қаза тапты.
5. Көтерілістің жеңілу себептері:
- С. Датұлы бірден екі күшке қарсы күрес жүргізгені.
- Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
- Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі
Руаралық қайшылықтар.
- Қару жарақтың аздығы.
6. Көтерілістің тарихи маңызы:
- Қазақ жеріндегі ең ұзаққа, 14жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс.
- Патша үкіметін қазақтармен санасуға мәжбүр етті.
- 1801 ж. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге. мал жаюға рұқсат етті.
V. Жаңа сабақты бекіту:
С. Датұлы бастаған Ортақ белгілері Е. Пугачев бастаған көтеріліс
С. Датұлы бастаған көтеріліс:
*Ресей отаршылдығына қарсы ашық күрес жүргізілді.
*Қазақ жеріндегі ең ұзаққа созылған көтеріліс
*Қазақ елінің батысындағы ірі халықтық бас көтеру.
Е. Пугачев бастаған көтеріліс:
*Орыс - қазақ шаруалары бірікті.
*Көтерілістің қозғаушы күші – қарапайым шаруалар.
*С. Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті.
Ортақ белгілері:
*Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.
*Қазақ жерінде патша әскерінің бекіністерінің көптеп салынуы.
*Нәтижесі: Патша үкіметі қазақтарға Жайық өзені бойында көшуге, мал жаюға рұқсат етті.
Тарихи сынақ хат:
С. Датұлы Кіші жүздің он екі ата -------------- бірлестігінің --------------- руынан шыққан. ------ жылы көтерілісшілер хан ордасына шабуыл жасап,-----------------
ханды өлтірді. С. Датұлы бастаған көтерілістен кейін патша үкіметі ----------- мен ---------------- аралығында мал жаюға рұқсат етті. ------ жылы Жайық өзенінің оң жағалауында ----------------------------------- құрылды.
VI. Қорыту:
- Қазіргі кездегі Сырым: - Батыс Қазақстанда Сырым ауданы бар,
- Орал қаласында, аудан орталығында Сырым
Датұлына ескерткіш орнатылған.
- Орал қаласында мұражай бар.
VII. Бағалау:
Үй тапсырмасы: §10.
С. Датұлының шешендік өнері туралы мәлімет жинау