Діни шығармаларды оқыта отырып, Адаматаны Алланың жаратудағы мақсаты туралы түсінік беру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Адамата
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Діни шығармаларды оқыта отырып, Адаматаны Алланың жаратудағы мақсаты туралы түсінік беру. Адам баласының алдындағы міндеттер жайында ой тастау;
Дамытушылық: өзіндік пікір қалыптастыруға, ойын жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу. Шығарманы талдау арқылы өз бетінше іздендіру. Адам ата әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғыну;
Тәрбиелік: Аллаға деген сүйіспеншілігін, сенімділігін арттыру. Адамгершілікке, сыйластыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, Топтастыру, Түртіп алу стратегиясы, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: діни шығармалар, тірек - сызбалар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасы
Қасиетті Құран Кәрім жайында.
Сұрақтар арқылы қорыту
⦁ Құран қандай кітап?
⦁ Құран Мұхаммед пайғамбарға қалай, кім арқылы жетті?
⦁ Ең ұлы періштелер?
⦁ Құран неше сүреден тұрады?
⦁ Құран Кәрім неге тәрбиелейді?
⦁ Құранды жатқа білетін адам?
⦁ Исламның бес шарты

Ойқозғау
⦁ Оқушылар, қоғамдағы адамның рөлі қандай?
⦁ Адамға қоғамда қажет нәрселер?
⦁ Рухани байлық дегеніміз не?
⦁ Адамгершілік, адамдық туралы қандай мақал - мәтел білесіздер?
Ендеше, жаңа сабағымыздың тақырыбы адам және оның қоғамдағы орны туралы діни -философиялық әңгіме
III. Жаңа сабақ. (Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыру)
Сабақтың жоспары
⦁ Жүректің ақыл - суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін.
⦁ Алланың өзі де рас, сөзі де рас.
⦁ Атамыз – адам пайғамбар,
Топырақтан жаралды.
Мұсылман кәпір - халық боп,
Сол адамнан таралды.
⦁ Ібілістің азғындығы.
⦁ Адамата жұптанып,
Хауа ананы алғанда...
⦁ Распенен таласпа мүмин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық атын жойма!

Мәтінмен жұмыс. (Рөлге бөліп оқыту) Қатысушылар:
Дауыс, баяндаушы, Адамата, Хауаана, ібіліс, періштелер
Түсіну. Алла тағала Құран Кәрім аяттарын Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарға жіберген. Мұхаммед – Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар. Құранда Алла тағала екі күнде байтақ жерді жаратқан делінген. Діни кітаптарда Құдай өзі жаратқан дүниенің шоқтығы етіп адам атаны өз бейнесі тәріздендіріп, топырақтан жаратыпты да, танауынан үрлеп жан кіргізіпті, жер - жиһанның, жан - жануарлардың иесі қылып, періштелеріне адам атаға жүгіну жайында әмір берді дейді. Бірақ, Ібіліс Алла тағаланың әміріне бағынбайды, оттан жаратылғандықтан, адам атадан өзін жоғары санап, оны дұрыс жолдан тайдыруды көздейді. Алла тағала адам атаға білім сіңіріп, таным аясын кеңейтті. Адамата жалғызсырамасын деп Алла кейін Хауа ананы жаратады. Екеуі жұмақта тұрған. Он сегіз мың ғаламның атын үйретті, өзі мен зайыбына жұмақтағы жемістерді қалағанынша үзіп жеуге рұқсат береді. Тек бір ағаштың жемісін үзуге тыйым салады. Адамата мен Хауа ананың жұмақтағы рахат өмірін көре алмай, Ібіліс оларды азғыра бастады, ақыры оның арамзалығын аңғармаған олар тыйым салынған жемістің дәмін татады. Алланың айтқанын орындамай күнәһәр болып, жұмақтан жерге қуылған адамата мен оның ұрпақтары содан былай еңбекпен күнелтуге тиіс болады.
Алла тағала оларға: Пәни дүниеге жөнелтемін, өзара өш боласыңдар, жерді мекен тұтасыңдар , - деп Ібіліспен арадағы жаулықтың да сақталатынын айтып, оған еліктеуден сақ болуды, бақилық өмірде жұмаққа қайту мүмкіндігінің бар екенін ескертті. Киіз кітапта Ібілістің сөзіне ергені үшін әйел анаға берген Алла тағаланың жазасы босану кезіндегі толғақ екен дейді. Адамата сайтанның азғыруына ермес үшін Хауа ананы қамшымен ұрып жазалаған дейді қазақ аңызында. Бірақ, Ібілісті ұрып - соғып құртып жіберсе де, қайта айналып келе берген екен. Ең ақырында Ібілістің баласын қазанға салып қайнатып, Адамата мен Хауа ана бірге жепті - мыс. Сондықтан, Ібіліс адам бойында жүретін болыпты. Ендігі жерде адамдар жақсылық пен жамандықтың, имандылық пен нәпсіқұмарлықтың, дұрыс пен терістің арасын өздері ажырата білуге, таңдауға мәжбүр болады. Кім де кім өз нәпсісін жеңе алса, оны меңгере алса, сол адам пәни жалғанда да, бақи дүниеде де Алла тағаланың жарылқауына және сый - құрметіне бөлене алады деген діни наным - сенім осылай қалыптасты.
Білу. Хауа ана - Адамзаттың анасы, Құран Кәрім аңыздарының кейіпкері, Адам Атаның (салла - л - лаһу алейһи уаа сәллам) зайыбы. Аңыздарда Хауа ана аталуының себебін Адам Атаның қабырғасынан, тірідей жаратылуымен (хауа - тірі) байланыстырады. Хазірет Хауа ана теңдесі жоқ сұлу, көрікті болады. Адам Ата (салла - л - лаһу алейһи уаа сәллам) оған ерекше ынтызар болып, мейірім махаббаты түседі. Құтба оқылып, некесі қиылғаннан кейін екеуі ерлі - зайыпты болып, жаннатта мамыражай ғұмыр кешіп жатады. Ібілістің азғыруына ілескен Хауа ана тыйым салынған жемістен дәм татып, Адам Атаны (салла - л - лаһу алейһи уаа сәллам) да одан жеуге үгіттеп көндіреді. Осы күнәларының себебімен Құдайдың каһарына ұшырап, екеуі пейіштен шығарылған соң, күнәларына кешірім табу үшін жер бетіне жіберіледі. Араб еліндегі Джидда тауына келіп түскесін, жасаған күнәсына налып, көп жылын (үш жүз жыл) жылаумен өткізеді. Ақырында Қағбаға келгесін Аллаһ күнәларын кешіріп, Адам Атаға қосылады. Хауа ана бір ұл, бір қыздай егіз қылып, бірнеше ұрпақ дүниеге әкелді. Адам ата – Қазалы ауданындағы ежелгі қорым. Басықара бөгетінен оңтүстік - батысқа қарай 35 км жерде, шөл далада орналасқан. Қорымның аумағы 1 га. шамасында. Мүрдесі жатқан жердің ұзындығы 6, 5 м, ені 3 м - ге жуық. Алғаш қорымды 1897 ж. И. Н. Аничков зерттеп, Қазалы уезіндегі кейбір топонимдер атаулары деген мақаласында баяндаған.
Адам ата - Құран бойынша Алла тағала топырақтан жаратқан ең алғашқы адам, күллі адамзаттың арғы тегі, бірінші пайғамбар.
Талдау.
Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. Қылыш үстінде серт жоқ деген, құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын. (Абай, 13 қара сөз)

Топтастыру
Алла тағала байтақ жерді мекендеу үшін Адаматаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлады.

Раббымыз, екеуміз де нәпсімізге зұлымдық жасадық. Егер сен бізге кешірім етіп, рақым қылмасаң, біз қасіретке ұшырағандардың бірі боламыз .
(Таһа, 121 - 122)

Сөздікпен жұмыс
Хауаана – Адам атаның әйелі, алғашқы ана
Алла – күллі әлемді жаратушы
Уаһи - хабар
Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері
Сапиолла – Адам атаның шын аты
Ібіліс – азғырушы шайтан
Уасаса - азғыру
Жұмақ – о дүниедегі жайлы өмір
Тозақ (тамұқ) – азапқа салатын өмір

Жинақтау.
Шығармашылық жұмыс
Адамда – иман, Алладан – шапағат ойтолғау жазу

Түртіп алу стратегиясы
Білемін Білгім келеді Білдім

Бекіту сұрақтары
⦁ Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай еді?
⦁ Адам атаның шын есімі?
⦁ Періштелер неге уайымдады?
⦁ Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
⦁ Алланың ібіліске берген жазасы қандай?
Қорыту
Бар адамға өнеге
Пайғамбарды Алла тағала пенделерге парасат дарыту үшін, өмір сүруді үйрету үшін жіберді. Мұхаммед пайғамбарды адамзатқа дем беруші, үлгі көрсетуші болсын деп ұйғарды.
Үйге тапсырма: Мазмұндау, Адам боп келдім өмірге, адам боп кету - мұратым ойтолғау. Абайдың жетінші қара сөзін жаттау.
Бағалау


Скачать


zharar.kz