Сабақтың тақырыбы: Айтыс.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға айтыс туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне ой-өрістері мен сөздік қорларын кеңейтіп, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтейтін білімді, сауатты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: оқу, баяндау, сұхбат, жазу, магнитофоннан айтыс тыңдау.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, суреттер, трек - схема, магнитофон
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Бүгін нешесі? Қай мезгіл?
- Күз айларын ата.
- Аптаның қай күні?
- Сыныпта кім жоқ?
- Үй тапсырмасын тексеру. Жамбыл Жабаев туралы мазмұнды және ребусті тексеру.
II. Жаңа сабақ
1. Бүгін сабақта біз халық ауыз әдебиетінің бір түрі - айтыспен танысамыз.
2. Сабақтың эпиграфы: Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік .
3. Айтыс деген не? және айтыс туралы не білесіңдер? (оқушылардың пікірлерін сұрау).
4. Айтысты тыңдау.
5. Жаңа сөздермен жұмыс жасау:
толқу – волноваться
сөз өнері – искусство слова
мадақтау – хвалить
қозғау – затрагивать
арлылық – совестливость
абыройсыздық – безавторитетность
ертеректе – в давние времена
арамзалық – мошенничество
дарынды – талантливый
жыршы - сказитель
- Сөздерді оқу, әріптерге фонетикалық талдау жасау, жаңа сөздермен сөз тіркестерді құрастырып, сөйлемдер жасау.
6. 47 бет. 1 тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.
- Манас деген дастанның қандай проблемалар шешілген? Тауып оқыңдар.
7. 47 бет. 2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
- оқу, аудару, мәтіннің негізгі және маңызды сөйлемдерін теріп жазу.
III.Сабақты қорыту, бекіту:
8. Трек - схема бойынша әңгіме жасау.
IV. Бағалау:
Қорытынды баға шығару
Үйге тапсырма: 3 тапсырма, мәтінді мазмұндау, жаңа сөздерді жаттау.
Трек - схема
Сабақтың эпиграфы:
Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік
(мақал-мәтел)