9 сынып оқушысы Абдрахман Есенжол
Оқушының шығармасы
Абай
Жоқ жұлдызы қазақтың,
Туындай желбіреген азаттың
Арда туған анадан,
Абайдай асыл данадан,
Асыл туған жан бар ма?
Қараңғыны жарық қып, көзін ашып талайдың,
Талай жуан байлардың, тастай еткен тауларын?
Кедейлерді әрқашан қызыл тілмен қорғады,
Абайдай асқар тұрғанда қарсыласқан адам болмады
Қазағым деп егілген.
Ауызынан ән маржан төгілген
Қазақ десе қабырғасы қайысқан,
Талайлармен халқы үшін шайысқан,
Болыс болды, би болды
Халқы үшін сайрағаны тіл болды.
Көзіңді аш, халқым, - деп,
Тыңда мұны жалпың деп,
Оқы, үйрен, білім ал.
Жан – жағыңды танып ал,
Бойыңда қазақ деген қаның бар!