Қостанай облысы, Жангелдин ауданы
А. Қоңқабаев атындағы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің
география пәні мұғалімі Абилов Айдын Байжанұлы
Ақкөл ауылының географиялық орны және табиғаты тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралы
"Өлкетану" курсы бойынша тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Алғысөз
Бұл жинақта өлкетану курсының жоспары мен сабақтарының құрылымы ұсынылып отыр. Жинақта берілген өлкетану пәнінің жоспары мен сабақ құрылымдарының үлгілерінде сабақты тиімді ұйымдастыру жағы жан - жақты қарастырыла отырып, әр түрлі шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар кірістірілген. Ондағы негізгі алдыға қойған мақсатым оқушылардың өзіндік ізденістерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар Өлкетану курсы аясында оқушылардың бойына туған жерді, Отанды сүю сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңіру.
Сабақ құрылымдарында оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін байытуға, логикалық ойлауына баса назар аудара отырып танымдық қабілетін жетілдіруге арналған тапсырмаларды қолдандым.
Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс - тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
"Өлкетану " курсының бағдарламасы
Жалпы білім беретін мектептердегі өлкетану жұмыстарының маңызын жақсарту үшін оқушыларда Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімді нығайту, нағыз қазақы патриотизмге тәрбиелеудің деңгейін арттыру және оқытуды күнделікті өмірмен тығыз байланысты жүзеге асыру қажет.
Курсты өтудегі негізгі мақсатым:
География пәнінен білім деңгейін көтеруде өз туған жері мен өлкесін тереңдете оқыту.
Өлкелік материалды қолдана отырып, оқушыларға өмірмен байланыстыра оқуды үйретіп танымдық дағдысын қалыптастыру.
Өлке географиясын оқыту барысында оқушыларды өз өлкесін сүюге, табиғатын қорғауға тәрбиелеу, оқушыларға өз өлкесінің зерттелу тарихы, геологиялық құрылысы, климаты, ішкі сулары, табиғат байлықтары, экологиясы, жергілікті жер өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы туралы оқып, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.