Электролиттер және бейэлектролиттер жайлы түсінік беру

Скачать

Сабақтың тақырыбы:
Электролиттер және бейэлектролиттер
Сабақтың мақсаты:
1. Электролиттер және бейэлектролиттер жайлы түсінік беру.
2. Оларды қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.
Сабақтың нәтижелері:
1. Электролиттер және бейэлектролиттер жайлы біледі.
2. элетролиттер және бейэлектролиттерді қасиеттеріне қарап ажырата алады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Тапсырма мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Орындалатын әдіс - тәсілдер
1. ұйымдастыру:
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Сергіту сәті.
Оқушыларды шеңбер құру арқылы, 2 түрлі түспен жазылған элемент таңбалары арқылы 2 топқа бөліп аламын. Оқушылар шеңбер құру арқылы сабаққа ынтасын аударады.
Өздерінің таңдаған түстері бойынша кездейсоқ бөлінеді
Сергіту
Топқа бөлу
2. Жаңа сабақ:
1 - ші топ: электролиттер , 2 - ші топ: бейэлектролиттер бөліп, екі топ оқушыларына ағаш, темір, су, резина, топырақ құм т. б. заттарды көрсету арқылы ой тастау. Мысалы:
А) балалар мына заттардың ішінен қайсысы тоқ өткізгіш, қайсысы тоқ өткізбейді?
Оқушылар берілген заттар арқылы өздерінің ой - пікірлерін жинақтап, қорытындыларын ортаға салады да, пікірлерімен сыныптастарына бөліседі.
Сын тұрғысынан ойлау.(ой қозғау, пікір айту, жинақтау, қорытындыға келу)
Кітаппен жұмыс:
Дәптермен жұмыс, бірлескен жұмыс:
А) Әр топқа кітап бойынша тапсырманы беріп, өзара оқып, түйінін айтуды сұраймын.
Ә) әр топтыңсабақ барысында үйренгенін дәптерлеріне жазғызамын.
Тапсырманы оқып талқылайды.
Оқушы сабақ барысында есінде қалған электролиттер және бейелектролиттер жайлы көрген - білгенін, үйренгендерін жазады. Шеңбер әдісі
Көзбен көргендерін жазу арқылы есте сақтату
3. Бекіту:
Топтық жұмыс: біреуін бер де біреуін ал! ; бір – біріне топтар арасында сұрақтар дайындап, қояды.
Әр топ бір - бірінің сұрақтарына жауап береді.
Диалогтық оқыту, ашық және жабық сұрақтар қою
4. Қорытынды:
А) 3 минуттік үзіліс стратегиясын пайдалану арқылы; электролиттер және бейэлектролиттердің ережелерін, оларға қандай заттар жататынын оқушының бірі бастап жазады да, 2 - шісі аяқтайды.
Топтағы оқушылар шеңбер әдісі арқылы өз жауаптарын айтады, кезектесіп тақтаға жазады.
Миға шабуыл
5. бағалау:
Өзін - өзіне бағалатамын.
Топтар бірін - бірі бағалайды. екі жұлдыз бір тілек Өзін - өзі бағалау
6. үйге тапсырма: Электролиттер және бейэлектролиттер жайлы мағлұмат жинақтау, ережелерін жаттау. Іздену.


Скачать


zharar.kz