Ата шалқанға жақын

Скачать

Шалқан ертегісі
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлім: Көркем әдебиет
Мақсаты: Ертегіні тыңдауға үйрету.
Міндеттері:
* Білімділік: ертегі мазмұнын түсініп айтуды үйрету.
* Дамытушылық: Еске сақтау қабілеттерін арттыру.
* Тәрбиелік: көмектесіп ренжітпеуге тәрбиелеу.__
*Үш тілдік шалқан - репка - turnip.
Сөздік жұмыс: шалқан.__
Қажетті көрнекілік кейіпкерлер суреті, ұшатын кілемше, үстел үсті картинки, массаж доп, дүрбі. Тірек сызба
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ - жауап.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбер;
Бала - бала балапан
Кане қайсы алақан, саусақтарым айбат Былай - былай ойнат топ - топ топ - топ Басамыз жалаудан күн жасаймыз
Жаса - жаса алтын күн жаса - жаса Жарқын күн.
Жыл мезгілін бекіту. Тірек сызба арқылы.
Жемістер қайда өседі. Тірек сызба арқылы.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Есік қағылады – Балалар, Әсем қуыршақ бізге қонаққа келді. Әсем менің құлағыма сыбырлап айтты;
Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, бірақ әжем ауылға кетті. Маған енді кім ертегі айтып береді Көзін жұмып ертегілер еліне ұшамыз: Музыка әуен ойналады
Ертегіні тыңдаймыз (Музыка арқылы ертегі айтады)
Ертегіні ауызша айта отырып, суреттерін көрсетіп, түсіндіреді,
Сөздік жұмыс; шалқан - репка – turnip
шалқан

Сергіту сәті; Доп
- Шалқанды жұлуға кімдер келді? Кірпі доп арқылы саусақтарға жүгіртіп кейіпкерлердін атын атап отырып тәрбиеші көрсетеді.
Су - джок әдісі арқылы
Сиқыршы келеді
Бәрін бөл дидактикалық ойыны.
бәрін қос дидактикалық ойыны.
Бір баланы ортаға шақырып, ата кіммен дос? деп сұрайды.
Ата шалқанмен дос,
- Неге?. Үйткені ата шалқанның сабағынан ұстады.
Ата шалқанға жақын.
Әже кіммен дос?.
Атамен, Қызбен дос.
Балардан сұрап ойынды жалғастырады.
Әсем өзіне ойындар мен ертегінің ұнағанын айтып, қоштасып, кетеді.

Рефлекстік - жинақтаушы
Сұрақ - жауап арқылы сабақты қорытады.
- Балалар, бізге қонаққа кім келді
- Әсемге не оқып бердік.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырған оқу іс әрекетін аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: ертегі кейіпкерлерін мазмұндай әңгімелей білуді.
Түсінеді: балалар жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Қолданады: Ертегі кейіпкерлерін көмектесуге ренжітпеуге ұғымдарын қолданады.

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
КМҚК Балапан бөбектер бақшасы тәрбиешісі:
Гульмира Серікқызы Кулдошбекова


Скачать


zharar.kz