Сабақтың тақырыбы: Буынға бөлейік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөздердің бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.
Дамытушылық: Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатының түсіндіру. Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру, балалардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, сауат ашу пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Әдісі: ойын, көрнекілік талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, қайталау, жазу.
Көрнекіліктер: суретті үлгі құралы – қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
1. Писхологиялық дайындық
Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарынды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме?
Мысалы:
Менің атым – Алтын,
Аспанымыз ашық болсын.
Менің атым - Альбина,
Бәріміз дос болайық.
Менің атым – Арсен,
Мамаларымыз аман болсын.
Менің атым – Арлен,
Көңіліміз шат болсын.
ІІ. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі – Сара.
- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са - ра.
- Бірінші буынын кім айтады?
- Бірінші буыны Са.
- Екінші буыны – ра.
- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебіекі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А - ша.
ІІІ. Ойын: Жоғалған буын .
Балаларды екі топқа бөлу.
- Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.
Ойынның шарты: жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай қатардағы топ бұрын аяқталса, сол топқа бір - бірден ойыншық қойылады.
- Ал, енді ойынымызды бастайық:
Үй, -, бө - - не, қар -, сауыс -, тыр -,
кө -, тор -, бүр -.
Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.
ІV. Сергіту сәті:
Қане, қане, тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Бишілерше бұралып,
Дөңгелене билейік,
Домбыраны қолға алып
Әжем айтқан ертегіні
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазымен
Өнерді біз жалғайық.
V. Сөйлем құрастыру.
- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге хазайық
қарлығаш
ұя.
VI. Қол жаттықтыру жұмысы.
VII. Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: Сара сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, көк, қызыл.
VIІI. Дәптермен жұмыс.
- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.
- Бұл өрнек неше торкөзден құралған?
- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.
IХ. Буындардан сөз құрау.
- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ - зақ, көкек, қар - лы - ғаш, тор - ғай, тыр - на, боз - тор - ғай.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Ұзақ – жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді.
Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.
Х. Қорытынды: Сөз өзгеру ойыны. Буынға әріпті қосу арқылы жаңа сөз шығару.
та
ша
са
қа
то
до
Алдарындағы әріптер қалтасынан қажетті буын, әріптерді тауып, сөзді құрастырып, оқи біледі.