Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Айтбаева Талиғат Садуатқызы
Қазақ тілі. 3 сынып.
Сабақ тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.
Сабақ мақсаты:
Білімділігі: 1) Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру.
2) Сөйлемнің жалаң және жайылма бөліп бөлінуі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
3) Оқушыларды тез ойлап, ойын тұжырымдап жеткізуге үйрету.
Тәрбиелігі: Сабақты халықтық педагогикамен байланыстыру, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өзіндік жұмыстануға, ізденуге, топппен жұмыстануға баулу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, терминологиялық ойындар.
Түрі: білім, іскерлік дағдыны қалыптастыру сабағы.
Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өзін-өзі тану.
Көрнекілігі: сызбалар, мультимедия.
Сабақ жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Қызығушылығын ояту, еске түсіру стратегиялары.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
195-жаттығу. Сөйлем мүшелерінің байланысы туралы ереже.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жалаң және жайылма сөйлем.
Сұрақ - жауап.
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері туралы не білеміз?
- Бастауыш деген не?
- Баяндауыш деген не?
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
196-жаттығу. Ауызша талдау.
Сөйлемдерді оқып, екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр. Не байқадың?
- Неше жалаң, неше жайылма сөйлем бар?
Ережені тұжырымдау.
IV. Топпен жұмыс.
І топ. Қыс туралы әңгімелеу.
ІІ топ . Көктем туралы , оның ерекшеліктері туралы.
ІІІ топ. Жаз туралы ішінде жалаң, жайылма сөйлемі бар сөйлемдер жазу.
Осы жұмыста оқушылар өз жұмыстарын қорғап, жалаң , жайылма сөйлемдерге мысал келтіреді.
V. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
197-жаттығу.
Тапсырма. Әдемі, сауатты жазу.
VI. Сергіту сәті.
VII. Тақтамен жұмыс.
198-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді оқы. Төмендегі берілген сөйлемдерді пайдаланып, жайылма сөйлемге айналдырып жазу.
Керекті сөздер: қатты, балалар, тез, дүкенге.
VIII. Ой қорыту.
1) Қазақстанның өсу жолдары.
2) Қазақтың салт-дәстүрлері.
3) Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі туралы оқушылар пікірі.
4) 12 жылдық білімге көшудегі мақсат.
ІХ. Ой қозғау стратегиясы.
"Ұстаз", "Білім", "Талап" топтастыру.
Х. Жатқа жазу.
199-жаттығу.
ХІ. Қорытынды. Инсерт әдісі.
Не білеміз? Не білгім келеді? Нені білдік?
ХІІ. Бағалау.