Сабақтың тақырыбы: Жазғы демалыс. Ауылдағы жазғы демалыс.
Фонетикалық талдау ( қайталау).
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ауылдағы жазғы демалыс тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дамытушылық – ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша ойлау мен сөйлесу дағдысын жетілдіру; ауызша ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту.
Тәрбиелік - табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру және оны қорғай білу. Ұжымшылдық, ізденімпаздық, жауапкершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Маңыздылығы: тақырып арқылы оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Өзектілігі: қазақ тілінде өз ойын, өз пікірін айта білу.
Типі: білімі мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау сабағы.
Түрі: жаңа, сайыс сабақ.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, аударма, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу, миға шабуыл , мәтінмен жұмыс, іздендіру, синквейн жазу, бекіту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақтада Ауылдағы демалыс суреті, жаңа сөздер, оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу.
Б) Балалар, көңіл – күйлерің қалай?
В) Сабаққа дайынсыңдар ма?
ІІ. Сабақ барысын түсіндіру. Сабақ жарыс түрінде жүргізіледі. Номер бойынша сынып төрт топқа бөлінеді.
І топ - Күн тобы;
ІІ топ - Бұлт тобы;
ІІІ топ - Көл тобы;
ІҮ топ – Шөп тобы.
Әр оқушының жауабы өз аттас тобының суретімен бағаланады. Күн , Бұлт , Көл , Шөп .
ІІІ. Сабақтың тақырыбын, міндетін, мақсатын айту.
Жаңа сөздермен жұмыс. Интербелсенді тақтада сөздер көрсетіледі. ( Екі оқушы оқып шығады)
көл – озеро
шопан – чабан
диқан – хлебороб
табиғат – природа.
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.(ауызша)
ІҮ. Интербелсенді тақтада Ауылдағы демалыс суреті көрсетіледі.
Тапсырмалар:
1. Сурет бойынша әңгіме құру.
2. Әр топтан бір оқушы әңгімені оқып шығу
Ү. Жаңа сөздерді пайдалан;. п сұрақ құрастыру.
Оқушылар кезектесіп бір - біріне сұрақ қояды. Қарсылас топта қайталанатын сұрақтарды өшіріп тастау керек.
ҮІ. Фонетикалық талдау.
І топ – ауыл;
ІІ топ - жаз;
ІІІ топ – қой;
ІҮ топ – көл ( бір бірін тексеру)
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
Синквейн жазу.
Рефлексия. Мұғалімнің сөзі:
Балалар, бүгінгі сабақта не туралы айттық, не білдік, қандай тапсырма орындадық? Яғни мен нені үйрендім? деген сұрақтарға жауап беру.
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма.
68 бет, мәтінді мазмұндау.