Ғылыми жобаның тақырыбы: Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – ДОМБЫРА!
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Мақсаты
3 Домбыраның тарихы
4 Атақты күйшілер
5 Домбыраның құрылысы
6 Қорытынды
Кіріспе
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
Мұқағали Мақатаев
Домбыра — қазақ халқының көне музыка аспабының бірі.
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған. Домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке үнді сүйемелдеуге, күй тартуға, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова
Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып - қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова т. б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты.
Қорытынды
Біздің заманымызға қазақ халқының ән - күйлері, жыр дастандары осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды.