Алматы қаласы Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектеп
Сабақтың тақырыбы: Есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға есімше туралы түсінік, олардың жасалуы мен түрлері жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік: адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, бейнеролик, кесте - плакаттар, постер, кеспе қағаздар, бағдаршам , түрлі - түсті фломастер, маркерлер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. 249 - жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру
2. Өткен тақырыптардағы етістің түрлерін ережелерін айту арқылы еске түсіру және семантикалық карта толтыру
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Есімше туралы түсінік. Есімшенің жасалуы мен түрлері тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Есімше – етістіктің түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін;
Ал кім? не? деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көрген кезде жазық жоқ (көрген — анықтауыш), Көрмес түйені де көрмес (бірінші көрмес — бастауыш, соңғы көрмес — баяндауыш). Бастауыш не анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімшелер есім сөздерше түрлене алады. Мысалы: айтар - ың, естімег - ім.
Енді бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс - әрекетті белгілі бір шаққа қатысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Сұлтан Бейбарыс бағана кетіп қалған. Берілген сөйлемде кетіп қалған деген етістік есімше тұлғасында жіктеліп келіп (кетіп қал - ған — III жақ) қимыл, іс - әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда, Сұлтан Бейбарыстың кетіп
қалуы өткен шақты білдіріп түр. Сөйтіп, бұл сөйлемдегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты білдіріп, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп түр. Бүл — есімшенің етістікке тән қасиеті.
Есімшенің жасалуы мен түрлері
Есімше етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, сондай - ақ етіс және болымсыз етістік тұлғаларына төмендегідей жұрнақтар қосылу арқылы жасалады:
1) - қан, - ған, - кен, - ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады: алған, берме - ген, т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты, не үнді, не ұяң болса, жуан буыннан кейін - ған, жіңішке буыннан кейін - ген жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін - қан, жіңішке буыннан кейін - кен жалғанады;
2) - ар, - ер, - р және болымсыз етістіктен кейін - с жұрнақтары қосылу арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады: бар - ар, көр - ер, т. б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін - ар, жіңішке буыннан кейін - ер жалғанады да, дауысты дыбысқа біткен сөзге - р, етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін - с жалғанады;
3) - мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады: бар - мақ, кел - мек, т. б. Сөздің соңғы дыбысы дауысты не ауыз жолды үнді (л, р, у, й) болса, жуан буыннан кейін - мақ, жіңішке буыннан кейін – мек жалғанады. Сөздің соңғы дыбысы мұрын жолды үнді (м, н, ң) немесе ұяң болса, жуан буыннан кейін - бақ, жіңішкебуыннан кейін - бек жалғанады. Қатаң дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін - пақ, жіңішке буыннан кейін - пек жалғанады.
Ескерту: Бұл жұрнақ етістіктің болымсыз тұлғасына жалғанбайды;
4) - атын, - етін, - йтын, - йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады: бар - атын, қара - йтын, т. б. дауыссыз дыбысқа біткен сөзге жуан буыннан кейін - йтын, жіңішке буыннан кейін жалғанады.
Бұл жұрнақ құранды қосымша - тын, - тін бөлегі түрған деген көмекші етістік болған да, ол - а, - е, - й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, біртіндеп қосымшаға айналып кеткен: бар - атын деген сөз о баста бара - тұрған болған да, кейін баратұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен.
Есімше түлғаларына емес, жоқ сөздері тіркесіп, болымсыздық мағына беріледі: барған емес, бармақ емес. Жоқ сөзі - ған, - ген, - қан, - кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі: барған жоқ.
IV Жаңа сабақты меңгеру
Оқулықпен жұмыс
Алғашқы орындалатын тапсырма:
250 - жаттығу жұмысының орындалу шарты: Мәтінді көшіріп, есімшелерді табыңдар. Олардың түбірі мен қосымшасын ажыратып айтыңдар.
Келген, бұрынғы өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ген жұрнағы арқылы жасалған.
Қонған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Тараған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Жиылған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Пісіліп жататын, ауыспалы өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - атын жұрнағы арқылы жасалған.
Өткен, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Арнаған, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Емген, өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - ған жұрнағы арқылы жасалған.
Болатын, ауыспалы өткен шақ, ІІІ жақ тұлғасында тұр, - атын жұрнағы арқылы жасалған.
251 - жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.
Есімше – болар: түбірі – бол, - ар – есімшенің жұрнағы, болжалды келер шақты білдіреді.
Есімше – түсінбейтін, түбірі – түсін, - ген – есімшенің жұрнағы, өткен шақ, - ге барыс септігінің жалғауы.
Мал қимайтын, түбірі – қи, - ма болымсыз етістіктің жұрнағы, - йтын ауыспалы өткен шақ есімшенің жұрнағы.
Айтқаның, түбірі - айт, - қан өткен шақ есімшенің жұрнағы, - ың тәуелдік жалғауының ІІ жағы.
Болар, түбірі – бол, - ар келер шақ есімшенің жұрнағы
Айтпаған, түбірі айт, - па болымсыз етістіктің жұрнағы, - ған өткен шақ есімшенің жұрнағы.
Қалағандарың, түбірі – қал, - а көсемшенің жұрнағы, - ған өткен шақ есімшенің жұрнағы, - дар көптік жалғау, - ың тәуелдік жалғауының ІІ жағы.
Келмеген, түбірі – кел, - ме болымсыз етістіктің жұрнағы, - ген өткен шақ есімшенің жұрнағы
Сенбеген, түбірі – сен, - бе болымсыз етістіктің жұрнағы, - ген өткен шақ есімшенің жұрнағы
V Жаңа сабақты бекіту
Түймедақ ойыны әр топ өз беттерінше бір - бір етістікті ойлап, оған есімшенің барлық жұрнақтарын жалғау арқылы түймедақ гүлінің күлтелерін толтырады (3 минут)
Бағдаршам ойыны бойынша тақтаға қызыл, сары, жасыл түстер ілінеді. әр оқушы бүгінгі өтілген сабақты өз беттерінше бағалап, қолдарындағы осы үш түске сәйкес стикерлердің бірін ғана таңдап, көрсетеді. Жасыл түс – сабақ жоғары деңгейде өтті, жақсы түсіндім; сары түс – сабақ орташа деңгейде өтті, толық түсінбедім; қызыл түс – сабақ төмен деңгейде өтті, түсінбедім. (2 минут)
VІ Үйге тапсырма: 252 - жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
Құрамында есімше кездесетін 5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар. Есімшелергетұлғалық талдау жасаңдар.
*Қосымша: құрамында есімше сөз бар 3 мақал - мәтел тауып жазыңдар. Есімшелердің мағынасын түсіндіріңдер.
VІІ Бағалау.