Болашақ тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасыБілім беру саласы

Скачать

№15 Болашақ тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация, Таным, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу, Сөйлеуді дамыту, Жапсыру
Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты:
Білімділік: балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Дамытушылық: балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс–тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ–жауап, дидактикалық ойындар, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: Дала, үй құстары, қыстайтын құстар, альбомның ақ беті, геометриялық пішіндер, желім, сүрткіш.
Алдын ала жұмыс: құстар туралы тақпақтар мен мақалдар, тыйым сөздер жаттау.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Тәрбиеші балаларды топқа бір қатармен кіргізіп, шеңбер құрады.
- Балалар айналаға қараңызшы, тобымыз бүгін ерекше безендірілген, айнала шарға, гүлге толы, - деп топқа назарларын аударып, көңіл-күйлерін көтереді.
- Балалар қараңдаршы, бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, келген қонақтармен амандасайықшы.
- Жарайсыңдар балалар, енді орындарымызға отырайық.
Балалардың іс-әрекеттері
Балалар бір қатармен топқа кіріп, шеңбер құрады, топтың әсем безендірілгеннін көріп қуанады.
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған жер – Ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман – есен болайық,
Бейбітшілік қалайық.
- Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар орындарына отырады.


Скачать


zharar.kz