Қостанай облысы, Қостанай қаласы,
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
мектеп - интернаты тәрбиешісі Абишева Нұргүл Шаймерденқызы
Ынтымақты отбасы (отбасылық сайыс Не? Қайда? Қашан? )
"Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің" (Кeмал Кеніш)
Сабақтың мақсаты: ата - аналар мен тәрбиеленушілерді сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау, отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, тәрбиеленушілерді ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Түрі: сайыс
Көрнекіліктер және құралдар: бейнетаспа, сиқырлы киіз үй, зырылдауық, тәтті сыйлықтар, конверт - сұрақтар.
БАРЫСЫ:
1 - жүргізуші:
Атамыз қазақ Бала - адамның бауыр еті , балалы үй - базар дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің сыныбымызда ұйымдастырылып отырған Ынтымақты отбасы атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
2 - жүргізуші:
Армысыздар құрметті ата - аналар мен оқушылар! Бүгінгі біздің Ынтымақты отбасы сайысына қош келдіңіздер! Олай болса, осы сайысымызға қатысушы ата – аналарды және балаларды ортаға шақырайық.
Отан отбасынан басталады деп жатамыз. Жанұяның береке - бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқан да соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, от анасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.
1 - жүргізуші:
Қасиетті қазақ халқының салт - дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Осыдай салт дәстүрлер қазақ елінің әр істі оймен жасағанында десек қателеспейтін шығармыз.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Ынтымақты отбасы отбасылық сайысында біз оқушылар, ата аналарымызға қарсы додаға түспек болып тұрмыз. Олай болса сайыс аланында 5 сынып оқушыларының ата аналарынан құралған тобын таныстырып кетсек!!!
Ата - аналардың құрамасы таныстырылады. Музыка ойнап тұрады.
1 - жүргізуші:
Келесі кезекте оқушыларымызды таныстыратын болсақ!!!
Оқушылар құрамасы таныстырылады. Музыка ойнап тұрады.
Әділқазылар құрамасы таныстырылады.
2 - жүргізуші:
Құрметті Ынтымақты отбасы сайысының қатысушылары сайыс ережелерімен таныс болыңыздар! Әр жауапқа бір ұпай беріледі, ал егер құрама жауап бере алмай, қарсылас топ жауап берсе, екі ұпай иеленеді.
1) Әрбір топқа сұрақтан қойылады;
2) Сұраққа ойлану үшін 20 секунд беріледі;
3) Егер бір сұраққа қарсылас топтың бір мүшесі жауап беріп қалатын болса, сұрақ қойылған құрамаға ұпай саны беріледі
Құрметті сайыс қатысушылары сұрақтар бейнетаспа түрінде болады.