Жамбыл облысы, Меркі ауданы
№19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы
орта мектебінің мұғалімі Даулеткелдиева Айгерім
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн Құтты білік трактаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірінен мәлімет беру. Құтты біліктің әлем әдебиетінің асыл мұраларының бірі, түркі тілдес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат екендігін таныту.
Дамытушылық: шығармаларында көтерілген адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, моральдық – эстетикалық тұрмыстық мәселелерді үлгі - өнеге ету.
Тәрбиелік: поэманың бүгінгі таңдағы өміршеңдігін, тәрбиелік мәнін ұғындыру, үлгі - өнеге ету.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, сурет, нақыл сөздер, карта
Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру, ой бөліс, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: Тіл, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- сәлемдесу, түгендеу
- санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау
- зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қожа Ахмет Ясауи хикметтері
Мен саған, сен маған
Қожа Ахмет Ясауи туралы алған білімдерін жан - жақты тексеру.
Үй тапсырмасын бір - біріне сұрақтар қою арқылы айтады.
1. Қожа Ахмет Ясауи қай қалада туылған?
2. Ұлы ойшылдың ұстазы кім болған?
3. Қожа Ахмет Ясауи туралы ел аузында қандай аңыз тараған?
4. Қожа Ахмет Ясауи қандай кітаптың авторы?
5. Қожа Ахмет Ясауи шығармасында нені жырлады, өмірінде нені насихаттады?
6. Ақынның өмірлік мақсат – мұраты қандай?