Денсаулықтың эмоционалды аспектісі

Скачать

Баяндама тақырыбы: Өз денсаулығың - өз қолыңда.
Республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметін стратегиялық дамытудың негізгі бағыттарының бірі ақпарат алуды арттыру, салауаттылық дағдыларын үйрету болып табылады. Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы әлеуметтік - гигиеналық кешенді зерттеу жүргізді, оның мақсаты алғашқы медициналық - санитарлық көмек деңгейінде тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Денсаулық. Кең түсінік. Көпке түсінікті мағынасынан басқа, оның өзінің жеке мәнерлі мағлұматты бар.
Біреулер денсаулықты жастықпен, әдемілікпен байланыстырады. Басқа біреулері ол бетінің шырайлығы мен жігерлігі күші. Келесі біреулер ауруын еске алып, денсаулығы жоқтығына өкініп күрсінеді.
Денсаулықтық күй орта жағдайында ағзаның сақталуын (немесе биологиялық жүйенің тұрақтылығын ) қамтамасыз етеді.
Денсаулық механизмдері бар - деп қабылданылған, сол денсаулықтың өзі алты негізгі аспектілерден тұрады:
а) физикалық,
б) психикалық және интеллектуальді,
в) жеке бастық,
г) руханилық,
д) эмоционалдық,
е) әлеуметтік.
Денсаулықтың физикалық аспектісі мынаны түсіндіреді: біздің денеміз қалай қызмет атқарады, неден құрылған және онда соматикалық аурулар болмайды, сондай - ақ ол шыныққан және жаттыққан.
Денсаулықтың психикалық және интеллектуальді аспектісі: ол психикалық аурулардың және кемтарлықтың болмауы. Психикалық денсаулық адамның қалай жаңа білімдерді меңгере алатындығын, оның мінезі қаншалықты және қай жаққа бағытталғандығын,- оның темпераменті және күштілігі, сондай - ақ психикалық процестерде ептілігі қандай болатынын сипаттайды.
Денсаулықтың жеке бастылық аспектісі. Адам өзін жеке тұлға ретінде, өзіндік ұмтылуын, жетістіктерін, бағалылығын сезіну. Қайсыбірі жұмысында жетістіктер іздейді, басқалары - өнерде, үшіншісі - отбасында, төртіншісі - жеке байлығында және т. б. Осының әсерінен, қаншалықты өзіндік реализация қоғамға қарсы келмесе және оған игілікті болса, ол адамға өте пайдалы - адамның жеке денсаулығы қалыптасады.
Денсаулықтың рухани аспектісі - бұл адам болмысының орталығы, оның рухани қалыптасуы, мінез - құлық этикасы және өзгелердің қылықтарын қабылдауы, мейірімділік пен рақымдылығы, жақсылықты қабылдау эстетикасы.
Денсаулықтың эмоционалды аспектісі; өзінің қапалануын және сезінуін түсінуі, оны бақылауға қабілеттілігі, өзінің сезімін түсінікті түрде қажет жағдайда көрсете білуі, эмоцияның пайда болу мүмкіндігін және мүмкін еместігін білуі.
Денсаулықтың әлеуметтік аспектісі - бұл ең алдымен өзін қоғамның кішкентай бөлігі деп санау өзінің қоғамдағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктерін көруі. Бұл адамдармен араласу мүмкіндігі. Бұл аспектіде өндірістік қарым - қатынас, мамандық сапасы роль атқарады.
Бүгін де адам қоғамның қарқынды техникалық даму кезеңі, өмір ағымы адам ағзасына, оның жүйке жүйесіне, психикалық іс - әрекетіне өте көп талаптар қоюда. Сондықтан жұмыс пен оқуға ұтымды қарау, физикалық және психикалық күштерді өз уақытысында қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Ағза мен жүйке жүйесін шынықтырудың негізінде жеке гигиеналық күн тәртібі, бір жағынан апта, ай және жылда түсетін күшпен, еңбек демалысымен, каникулмен байланысты тәртібі де жатыр.
Күнделікті дұрыс құрастырылған күн тәртібі - бос уақытты (рациональды) тиімді пайдалануға, күшті ықшамдап, стереотиптік тәртіпті қалыптастырады. Бір жағынан ол жүйке жүйесін жаттықтырып, жүйелік күйзелістерге қарсы әсер етіп, шаршауға жол бермейді. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі ағзаны шынықтырып ғана қоймай, еркіндікке тәрбиелеп, өмірлік тонусты, жұмысқа деген қабілеттілікті арттырады.
Күн тәртібі келесі элементтерден тұрады:
*дұрыс ұйымдастырылған ұйқы тәртібі және сергектік;
*қысқаша таңғы гимнастика және су процедурасы;
*жүйелі, тұрақты тағам қабылдау;
*күнделікті серуендеу;
*физикалық жаттығу, жүгіру, шынықтыру процедураларын жасау үшін бөлінген арнайы уақыт;
*жұмыс және демалыс күндеріндегі демалуды ұйымдастыру.
Егер біз күнделікті күн тәртібін сақтаудан өте жақсы нәтиже алғымыз келсе, оны орындауды күнделікті дағдыға, өмір сүру салтына, әрекетке айналдыруымыз керек. Яғни күн тәртібін күнделікті орындау, қайталау адамның өміріне тұрақты элемент боп енуі тиіс.
Белгілі тәртіп ерте балалық шақтан қалыптасу керек. Кейбір сауықтырушы процедураларға қарағанда, белгілі бір гигиеналық тәртіпті сақтауды да кез - келген жаста бастау кеш емес. Ең қызығы күн тәртібін екі - үш ай сақтап, өзінің жай - күйінің, денсаулығының жақсарып келе жатқанын сезінгеннен кейін, оны тастау да қиынға соғады.
Күн тәртібінің тығыздылығына қарамай сол күнгі барлық жұмысты жасап үлгеруге тырысу керек, мысалы: сабақ оқуды, физикалық жаттығумен айналысуды немесе ойнауды, үй шаруашылығына көмектесуді, теледидар көру, кітап оқу т. б. Егер мұның бәрін ұйымдастырылған селқос түрде жасайтын болса, әрине мұның бәрін бір күнде үлгеру мүмкін емес. Мына сәтті есте сақтаңыз: барлық өз өмірінде жақсы табысқа жеткендер мынаған тәуелді:
а) өзінің дарындылығына;
б) жоғары еңбекке қабілеттілігіне;
в) дұрыс ұйымдастырылған еңбек және демалыс тәртібіне.
Неғұрлым еңбекті ұйымдастыруды ерте бастасаңыз, соғұрлым жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндігіңіз бар.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі немесе оны үнемі бұзу, сізді шаршауға созылмалы эмоциональды стресске әкеліп, тіпті ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Соңымен бірге сізге физиологиялық қызметтің биологиялық ритмін есепке алу керек. Негізгі ритм адам үшін - тәуліктік ритм(циркадты немесе циркадианды). Биохимикалық нәзік реакциялардан бастап, жоғарғы психикалық қызметті процестер осы ритмге бағынады. Мысалға: адамның денесінің ең жоғары салмағы 18 - 19 сағатта байқалады, ең жоғарғы дене температурасы 16 - 18 сағатта, жүректің ең көп жиырылуы жиілігі 15 - 16сағ, тыныс алу жиілігі 13 - 16 сағатта ең жоғарғы, артериалды қысым 15 - 18 сағатта байқалған. Апталық ритмде сейсенбі мен сәрсенбіні максималды жұмыс қабілеті өсетін күндер деп айтуға болады.
Адам ұйықтап жатыр ма, әлде ояу, сергек пе, болмаса ол физикалық немесе ой еңбегімен айнылысып жатқанына қарамастан - әрбір 1, 5сағат сайын адам біресе жоғарғы, төмен қозғалысты біресе төменгі қозуда болады, еңбекке қабілеттіліктігіне де біресе төмен не жоғарылайды, мазасыздықты немесе тыныштықты да басынан өткереді. Осының бәрі орталық жүйке жүйесінің белсендірілуінің 90 – 100 минуттық қысқа кезеңді ритмі.
Егер сіздің тәртібіңіз тәуліктік ритммен жүріп, белгілі бір ережеге әдеттенсеңіз, онда сіздің биоритміңіз ұйқы мен сергектік, жоғары немесе төменгі жұмысқа қабілеттілік, тағам қабылдау және спортпен шұғылдану кезеңдерімен сай келеді. Бұл кездегі күн тәртібіңіз әлеуметтік қоғамдық көзқарас жағынан ғана емес, биологиялық жағынан ақталады. Мысалы: түскі немесе кешкі ас қабылдау уақытыңыз келгенде - асқазан және бүкіл асқорыту жүйеңіз тағам қабылдауға, ал ұйқы келген уақытта - бүкіл ішкі жан дүниеңіз ұйқыны қабылдауға дайын тұрады. Егер үйге берілген жұмысыңызды жасауды белгілі бір уақытқа қойсаңыз, биоритміңіз осы уақыттағы максималды жұмысқа қабілеттілігіңізбен сай келіп, соған тұрақтанады. Әрбір үй тапсырмасын орындағаннан кейін, мектептегі секілді 10 - 15 мин. қысқа үзіліс жасап, бірнеше физикалық жаттығулар жасаған дұрыс.
Балалар мен жастардың денсаулық күйінің нашарлап, оқушылардың имандылық - рухани күйінің күрт төмендеуіне негізгі себеп санитарлық мәдениеттің төмендеуі, қарапайым гигиеналық дағдыларын болмауы және өз денсаулығына жауапсыз қарау болып табылады. Салауатсыз өмір салты олар үшін дағдыға айналған. Соның салдарынан отбасында және балалар мен жасөспірімдерді оқытып тәрбиелейтін барлық деңгейде тиісті дәрежеде гигиенаға үйрету, аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәселелері бүгінгі талаптарға сай болып отыр.
Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын жақсартуда, аурулардың алдын алуда мектеп едәуір рөл атқарады. Адам денсаулығының негізі мектепте қалыптасатындықтан, салауатты өмір салтының негізің, оның нормалары мен ережесін бұзбай қажеттілікке айналдыруды мектеп жасынан бастау керек екені даусыз. Көпшілік, адамгершілік, рухани - мәдениеттілік, адалдық, гигиеналық әдет және т. б. денсаулыққа қажетті дағдылар дәл осы мектеп жасында қалыптасады. Мектеп оқушыларын салауаттанудан жан - жақты дербес гигиенаға дағдыландыруға, гигиеналық білімді арттыруға, аурудың алдын алып, ағзаны жарақаттанудан, уланудан, сондай - ақ басқада әр алуан жұқпалы және созылмалы аурулардан сақтануға жағдай туғызады.
Біздің мектепте екі спорт үйірмесі жұмыс істейді. Оған оқушыларының 60% жуығы қатысады. Таңертеңгілік сергіту жаттығулары өткізіледі. Оқушылардың дұрыс тамақтануын сақтау мақсатында үлкен үзілісте ыстық тамақ ұйымдастырылады. Салауатты өмір салтын мұны мен шектеліп қоймай, оқушылар арасында темекі шегудің зияны туралы, Есірткіге жол жоқ атты әңгімелер, ауызша журналдар өткізіледі. Жыл бойы оқушылармен ғана емес ата - аналар арасында СӨС қалыптастыруға үгіт - насихат жұмыстары жүргізіледі. Ата - аналардың алдында Сенің балаңның денсаулығы , Ата - ана балаға үлгі , Тамақтану ережесі атты тақырыптарға баяндама оқылды.
Балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беру үшін ата - ана, мұғалім, дәрігер үш жақты байланыс орнатып, жұмыла қызмет атқару керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс - шаралар өткізу бір - біріне жалғасып, бірін бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп отырсақ, күнделікті жақсыны айтып отырсақ келешек ұрпағымыздың дені сау болады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген мақалдың астарында ой көп жайды аңғартса керек. Баяндамамды өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Ата - ана, ел үмітін ақтайық.
Өмірдегі басты байлық дей тұғын
Бірінші байлық – денсаулықты сақтайық!
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда ей, жастар
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!


Скачать


zharar.kz