Ақылбек ШаяхметБілім күні қыркүйектің біріМектепте өткен шеру - жаңа өмірге енуХор:Қандай ғажап сары күз, Табиғаттың сәні күз

Скачать

Авторы: Ақылбек Шаяхмет
Білім күні қыркүйектің бірі
Мектепте өткен шеру – жаңа өмірге ену

Хор:
Қандай ғажап сары күз,
Табиғаттың сәні күз.
Құлын - тайдай жан - жақтан
Жиналыппыз бәріміз.

Өмірдің де мәні күз,
Кішкентаймыз әлі біз.
Озып келіп бәйгеден,
Жүлде аламыз тағы біз.
Нұрбек:
Нұрбек менің есімім,
Аштым мектеп есігін.
Ініме енді тапсырдым
Бөпеміздің бесігін.
Айдана:
Менің атым Айдана,
Жауқазындай жайнағам.
Сіңліме тастадым
Қуыршақты ойнаған.
Бекзат:
Бір күн ыстық бір күннен,
Өнер қуып жүрмін мен.
Әнші болам әйгілі,
Бекзат дейтін ұлмын мен.
Елдос:
Елдос дейтін баламын,
Үлкен тілін аламын.
Тас жарады талабым,
Ертең маман боламын.
Анар:
Бақтай жайнап бар маңым,
Гүлге толды жан - жағым,
Анар деген қызбын мен,
Биші болу – арманым.
Әмина:
Мен кішкентай екенмін,
Сөмкені әзер көтердім.
Ал есімім Әмина,
Әжем ертіп әкелді.
Елдос:
Атқан сайын күліп таң,
Өмір сырын шын ұққам.
Атқа мініп, доп ойнап,
Жас кезімнен шыныққам.
Әмина:
Көп қараймын әріпке,
Соларда сән, көрік те.
Қолымда тұр, мінеки,
Әкем берген Әліппе
Анар:
Жақсы оқуға әуелі
Мен де берем уәдені.
Апам маған қаламсап
Алып берді әдемі.
Елдос:
Мектеп қандай тамаша?
Көз тоймайды, қараса.
Ауладағы тал - шыбық
Өскен күнмен таласа.
Хор:
Жарасып тұр сәніміз,
Бірге шырқар әніміз.
Ұстаздарға гүл сыйлап,
Бас иеміз бәріміз.
Бекзат:
Жақсы өлеңді жаттаймыз,
Талаптыны мақтаймыз.
Ата - ананың үмітін
Бәріміз де ақтаймыз.


Скачать


zharar.kz