Қар адамынан

Скачать

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Саға ауылы, Мөлдір балабақшасы
тәрбиешісі: Бұрханова Райля Биғазизқызы
Тақырыбы: Жапалақтап жауған қар

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Жапалақтап жауған қар
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Қысқы табиғат көрінісі, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды жапсыру іскерлік дағдыларына машықтандыру, жапсыруды меңгеру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап алу; Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға қар туралы айтып, түсінік беру. Қажетті көрнекі құралдар: Қыс келбетінің көрінісі, шыршалар, ағаштар, қардың үлгісі, көк және ақ түсті қағаз, қол сүрткіш, желім. Жапсыру үлгілерін көрсету.
1. Ұйымдастыру кезеңі - Шаттық шеңбері: - Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Балалар мен сендерге жұмбақ - өлең оқып берейін:
Аяз қысып,
Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарда омбығып,
Бет домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.
Кейде ұлып
Кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде
- Тәрбиеші: Иә, балалар қазір қыс мезгілі екен, ал осы қыс мезгілінің неше айы бар, атап көрейікші? - Балалар: Үш айы бар. Желтоқсан, қаңтар, ақпан; - Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -- Балалар: Суық, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың киім киеді. - Тәрбиеші: Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? - Балалар: Шаңғы, шана, коньки, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз. - Тәрбиеші: Қар қандай болады? - Балалар: Ақ түсті болады. Ұлпа қар, омбы қар, жапалақтап жауатын қар. Ол қолға ұстаса ериді. Суық болады. Жылтырайды.
Қызықты сәт.
(Есік қағылып хат тасушы келеді) --- Хат тасушы: - Бұл қай балабақша? Уф, әрең жеттім - ау. Сіздерге хат келді. - Балалар: Мөлдір балабақшасы Айгөлек тобы - Тәрбиеші: Рахмет, сізге. - Хат тасушы: Сау болыңыздар, балалар! - Балалар хатта не жазылған екен, оқып көрейік - Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарың қалай? Сендерге хат жолдап отырған Қар адамы. Балалар дорбаны ашып қарасаңдар сендерге арнайы сиқырлы қар жасайтын құрал - жабдықтар бар. Егер сендер әдемі етіп жасап шығарсаңдар мына сандық ашылып, сендер сыйлық ие бола аласыңдар.
Қар туралы түсінік беру Тәрбиеші: - Балалар ұлпалар әртүрлі болады. Кейбірі жалпақ, кейбірі ине пішіндес ұсақ, ірі болады. Күннің жылы, аяз болмаған кездерінде қар жапалақтап жауады екен. Ал суық, аязды күндерде қиыршық түрінде жауады. Аяз күндері аяқ астындағы қар сықырлайды.
- Қыста күннің көзі шығып тұра ма?
- Ия, шығады.
- Неге онда жерді жылытпайды?
- Қыс мезгілі суық болғандықтан жылытпайды.
Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз, - Қолғап киіп аламыз.
Сарт - сарт - сарт, - Шапалақтап соғамыз. - Тоңса біздің аяғымыз, - Етік киіп аламыз. - Топ - топ - топ, - Билеп - билеп аламыз - Тоңса біздің денеміз, - Тонды киіп аламыз. - Зу - зу - зу - Шанамызбен зулаймыз Тәрбиеші: Енді оқу іс - әрекетімізді жапсырумен жалғастырамыз.
Үлгі ретінде тақтаға қардың жапсырылу жолы көрсетіледі. Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды. Жапсыру іскерліктері артады. Ұсақ саусақ моторикасы дамиды.
Қорытындылау.
Біз бүгінгі оқу іс - әрекетінде не жапсырдық? Жапалақтап жауған қардың бейнесін. Бізге кімнен хат келді? Қар адамынан. Ендеше барлығымыз бүгінгі оқу іс - әрекетін шаттық шеңберін құрып аяқтаймыз.
Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау - саламат болайық.


Скачать


zharar.kz