Мақсаты: Шығармада кездесетін штрихтарды түсіндіру, үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Шығармаларды орындау арқылы музыкалық білімін жетілдіру.
Дамытушылығы: Гамма, жаттығуларды түрлендіре орындату әдісі бойынша аспапта еркін ойнауын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас
Пәнаралық байланыс: музыка әдебиеті, сольфеджио.
Көрнекіліктер: музыкалық кітаптар, баян аспабы, бейнепроектор, әдістемелік бұрыш.
Әдісі: Түсіндіру, аспапта ойнап көрсету, сұрақ - жауап.
Сабақтың негізгі жоспары:
I. Кіріспе.
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Оқушының сабаққа әзірлігін, оқу құралдарын дайындату.
б) Гамма C - dur, E - dur(әртүрлі әдістермен) екі қолда бірге - дуоль, триоль, квартольмен орындату.
Үй тапсырмасын сұрау:
1. Прелюдия №55 – И. С. Бах
2. Сонатина №1 - А. Диабелли III бөлім.
Сергіту сәті: Кукушкин вальс - Д. Самойленко(оқушыға музыканы өз еркімен демалдыра отырып орындату)
II. Негізгі бөлім. А. Дювернуаның №2 Этюдімен жұмыс.
III. Қорытынды:
а) Сабақты қорытындылау.
ә) Оқушыны бағалау.
б) Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық жасау. Оқушының оқу құралдарын дайындатып, сабаққа зейінін аудартамын.
2. Гамма туралы сұрау, түсіндіру.
Гамма дегеніміз бір октава көлемін қамтитын дыбыс тізбегі. Гамманы кез - келген нотадан бастап жоғары және төмен бағытта құруға болады. Гамманың хроматикалық, мажорлық және минорлық түрлері бар.
До нотасынан келесі октаваның до нотасына дейінгі ақ түймелерді тізбектеп басу арқылы C - dur, кілттік белгілерін сақтай отырып E - dur гаммаларын әртүрлі әдісте (дуоль, триоль, квартоль түрінде легато, стаккато штрихтарымен) оқушыға орындатамын.
Жаттығулар бейне тақтада көрсетіледі.
I. Үйге берілген И. С. Бахтың №55 Прелюдиясын жатқа сұраймын. Термелі (выборный) клавиатурадағы ноталарына, аппликатурадағы саусақ қозғалыстарына мән бере отырып, шығарманың қатесіз орындалуын қадағалаймын.
А. Диабелли - Сонатина №1. III бөлімін жатқа қайталатамын.
II. Жаңа сабақтың тақырыбы: Шығармада кездесетін штрихтармен жұмыс жасау әдістері . А. Дювернуа - Этюд.
Штрихтың түрлері жөнінде оқушыға жаңа технологиялық көрнекіліктер арқылы таныстырып, түсіндіремін.
1. Легато
2. Легато - портато көрікпен(мехпен)
3. Легато - портато (саусақпен)
4. Легато - портато ( мехты итеру, саусақпен ұру)
Нон легато 25 %
1. Қатты саусақты нон легато
2. Қатал саусақты нон легато
3. Жұмсақ нон легато (тенуто)
4. Қатты көрікті нон легато
5. Акцентті нон легато
Стаккато 50%
1. Жұмсақ саусақты стаккато
2. Активті стаккато
3. Қатты стаккато
4. Акцентті стаккато 75%
Дыбыс артикуляциясы 3 бөліктен тұрады:
1. Дыбыстың басталуы.
2. Дыбысталып тұрғандағы дыбыстың ішкі бөлігі.
3. Дыбыстың аяқталуы.
Дыбыстың бояуына мінездеме жасап, (сурет бойынша негізгі бөлімі, басы, аяғы), атака -(басталуы, шабуылы) бейне тақтадан көрсетіп, түсіндіремін, баян аспабында ойнап беремін.
Дыбыстың формасы 3 бөліктен тұрады:
Басы, негізгі бөлім, аяқталуы(суреті көрсетіледі)
Дыбыстың басталуы, құлауы.
Дыбыстың басталуы неге байланысты?
(көрікке байланысты)
Енді негізгі штрихтарға тоқталып өтетін болсақ, біріншіден бір дыбыстан қандай штрих екенін анықтау мүмкін емес. Штрихты анықтау үшін кем дегенде екі дыбыс болу керек. Әрі қарай дыбыстардың байланысып немесе дыбысталуын қарап көрейік (штрихтарды таңбамен салып көрсетемін).
Легатиссимо - өте байланысты
Легато - байланысып
Нон легато - байланыспай
Стаккато - қысқа
Стаккассимо - өте қысқа
Баян аспабында дыбыстарды орындағанда әрбір дыбыстың негізгі бөлігі және аяқталуы, әлсіреуі немесе динамикасының күшеюін байқауға болады. Дыбыстың басталуы және аяқталуы штрих мінезінің әсеріне байланысты.
Клапанның ашылуы - жабылуы, жылдамдығы және көрік ішіндегі ауа қысымына байланыстырылып, орындаушы - баянист дыбыстың мінезін көрсете біледі.
Штрих дегеніміз - музыкалық аспаптарда дыбысты шығару әдісі. Штрих көмегімен дыбыстың әртүрлі мінезін және бояуын көрсетуге болады. Орындаушы – музыкант шығарманың мінезіне байланысты әртүрлі штрихтар қолданады.
Штрихтар түрлері: легато, нон легато, стаккато, деташе, маркато, мартеле, акцент, сфорцандо, тремоло, арпеджиато, вибрато( сол қолмен), глиссандо т. б түрлері бар.
Штрих дегеніміз - дыбыстың басталуы, жүруі, аяқталуы және дыбыстар байланысы (дыбыс қорытындысы). Алынғалы тұрған дыбысқа көріктің, саусақтың және қол бұлшық еттерінің бос болуы үлкен әсер етеді.
Баян аспабында саусақтар және көрік штрихтары болып екі топқа бөлінеді.
Жаңа шығарма: Этюд - А. Дювернуа.
Авторы туралы, этюд ұғымы туралы мәлімет айтып, оқушыға нотасын талдатып, ритмін соққызып, санатамын.
Этюд дегеніміз -( француз тілінен аударғанда - машықтану ), орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Кейбір этюдтер өз алдына дербес көркем шығарма ретінде қабылданады. Біздің бүгінгі сабағымызға таңдап алған этюдіміз шығарма түрінде жазылғаны.
Этюд a - moll тональділігінде жазылған. Минордың натуральді, гармониялық, мелодиялық түрлерін орыындатамын.
Өлшемі - 3 4, екпіні - allegro - moderato. Кездесетін альтерациялық белгілеріне тоқталып, слайдтан ноталарын оқушыға таныстырып, талдау жұмысын жүргіземін.
Дювернуа Анри Луи Шарл(16. XI. 1820ж. Парижде дүниеге келіп, 1960ж. қайтыс болған) француз композиторы. Бірнеше топтама кітаптардың авторы, сольфеджио, фортепианоға арнап шығармалар, этюдтер жазған. Әкесі Шарл(1766 - 1845ж. ж) – кларнетте, ағасы Фредерик (1765 - 1838ж. ж)- волторнада шебер ойнаған, консерваторияда жұмыс жасаған.
Музыканы аудио үнтаспадан тыңдату: А. Диабелли Сонатина №1. III бөлім. Сонан соң оқушым баянда жатқа орындап, мазмұнын толық түсінуге мүмкіндік алады.
Сергіту сәті: Оқушының қалауы бойынша Д. Самойленконың Кукушкин вальс шығармасын бірге қосылып орындаймыз.
III. Сабақты қорытындылау үшін оқушыға сұрақтар қоямын:
1. Этюд дегеніміз не?
2. Штрихтардың қандай түрлерімен таныстың?
Оқушының сабаққа деген белсенділігіне, жауаптарына, орындаушылығына қарай бағалап, үй тапсырмасын күнделігіне жазып беремін.
Қорқыт ата атындағы Қазалы аудандық
балалар музыка мектебі баян класының оқытушысы
Байсенгер Әділбек Абылайұлы