Жобаның мақсаты – елтану материалдарын пайдалана отырып, балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға, ақпарат беруге, балалардың үлкендермен тілдік қарым қатынас жасауына, баланың қызығушылығын қалыптастыру арқылы интеллектуалдық дамуына жағдай жасау және мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасайтын педагог мамандарға жоба өз тәжірибесінде пайдаланылатын жаңа әдістермен технологиялардың кәсіби қорын байытуды көздейді.
Жобаның мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:
Ø ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
Ø мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
Ø балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
Ø сөздік қорды кеңейту;
Ø ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру.
“Playbus” дегеніміз - іші сан түрлі ойын және шығармашылық материалмен толтырылған автобус. Бұл жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденіпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе
М. Жұмабаев
Бұл жоба қазіргі мектепке дейінгі ұйымдар үрдісінде шетел тілін оқытуда балалардың коммуникативті құзіреттіліктерін дамыту біліктілігін, балалардың қызығушылығын ұйымдастыруда дидактикалық ойындардың қажеттілігі, яғни зор екендігі қарастырылған.
Мұндай ойындар баланы жан - жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Бастапқы этапта ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр оқу іс әрекет процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын оқу іс әрекет мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынған. Яғни ағылшын тілін меңгеру барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы баланың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
“Playbus” жобасының басым бағыттары