Балық пішіндерін айыру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 1 – 10 - ға дейін тура және кері санау
Мақсаты: Сан таңбаларын пайдаланып, тура және кері санауға үйретуді жалғастыру. Балықтан көмек сұрап алтын балық тапсырмасын орындай білу. Қанша? Нешінші? алдында, артында, оң солын айыра білу, салыстыру.
Әдіс – тәсілдері:
1. Балық пішіндерін айыру.
2. Кім жаңылыспайды 1 - 10 ға тура және кері санау.
3. Қандай сандар жетіспейді
4. Шортан мен алабұғаны салыстыру. Санау Жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.
5. Сергіту жұмысы.
6. Маржан моншақтарын санау.
7. Сурет ішіндегі балықтар. Оңға 5 балық, солға 5 балық.
8. Алдында 3 балық, артында 2 балық. Балықтар бірінен соң бірі келе жатыр.
9. Сұрақ – жауап.
Көрнекілігі. Пішіндер, сан таңбалары, балықтардың суреттері
Қиыршық ішіндегі моншақтар, су және Алтын Балық кеме.

І. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері.
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Бір - бірімізге қарап күлімдейміз.
Мұғалім: Жарайсыңдар, барлықтарыңның жүздерің күлімдеп, жайнап кеттіңдер. Олай болса бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Апта күндерін сұрау.
Бір аптада неше күн бар?
Балалар: 1 аптада 7 күн бар.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
Күн жылынады, күн ұзарады. Ағаштар бүршік атып жатыр, құстар жылы жаққа келіп жатыр. Адамдар жеңіл киіне бастады.
ІІ. Негізгі бөлім.
- Балықтар қайда тіршілік етеді?
- Балықтар суда тіршілік етеді, сусыз тіршілік ете алмайды.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бәріміз кемеге отырып, теңізге барып, су асты балықтарын тамашалайық. Балалар кемеге отырады, кеме гуілдейді ы - ы - ы - ы. Балалар кемеге отырып келе жатқанда музыка әуенімен: Қатты толқын соғып, кеме суға кетеді. Балалар жүзіп су жағасына шығады. Бір бала су астындағы торға түсіп оралып қалады.
-: Су астындағы Алтын балықты көмекке шақырады. Алтын балық – деп айқайлайды.
Алтын балық: Саламатсыздар ма балалар! Мені неге шақырдыңдар?
Балалар: Алтын балық бізге көмектес.
Мұғалім: Біздің бір баламыз су астындағы торға оратылып қалды.
Алтын балық: Достарыңды құтқарамын, бірақ менің сендерге қоятын тапсырмаларым көп соны орындайсыңдар.
Балалар: Уәде етеді.
Алтын балық: Баланы тордан босатады.
Алтын балыққа балалар рахмет айтады.
- Ендеше балалар алтын балықтың тапсырмасын орындайық. Қандай тапсырмаларыңыз бар?
Алтын балық: балалар сендер су астына түстіңдер онда не көрдіңдер?
Балалар: Әр түрлі пішіндегі балықтарды, ұсақ шөптерді, қайыршық тастарды, сегіз аяқтарды, жұлдыз құрттарын.
Алтын балық: Олай болса
1 - тапсырма. Балықтардың пішінін айыру.
2 - тапсырма. Кім жаңылыспайды 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
3 - тапсырма. Қандай сандар жетіспейді?
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа.. 2.. 5.. 8.. 10
4 - тапсырма. Шортан мен алабұғаны рет санымен қоя отырып санау, салыстыру, жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.

ІІІ. Сергіту сәті. Жүзуді үйренеміз .
Сылдырлайды теңіз суы (қояды төмен сермелеу)
Теңіз суға денеңді жуу (денеңді жуу)
Қояды артқа сермейіп (қояды артқа сермеу)
Балық болып жүзейік (ирелеңдеп жүзу)

3 бөлім. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Барлық бала қиыршық тастарды су жағасынан жинап алады.
5 - тапсырма. Қиыршық ішіндегі Маржан моншақтарын санай отырып қанша моншақ болса сонша санды қою.
4 бөлім. Суретті карточка бойынша жұмыс.
6 - тапсырма. Сурет ішіндегі балықтардың қай бағытқа жүзіп бара жатқанын сұрау.
Оң жаққа Сол жаққа
5балық 5балық
Барлығы 10 балық.
7 - тапсырма.
Алабұға Шортан
1, 2, 3, 4, 5 алдында 3 балық, артында 1 балық
Бірінің артынан бірі кетіп бара жатыр.
Алтын балық: Рахмет балалар. Тапсырмамды жақсы орындадыңдар, мынау менің сендерге сыйлығым. Алтыннан жасалған тәттілерімді ала келдім. Сау болыңыздар. Мен теңізіме қайтып оралайын.
Бала тілегі: Жаратқаның жар болсын, алтын балық жүре берші теңізде, асыр салып деп тілек айтады.
Мұғалімі: Балалар көрдіңдер ме алтын балық тек қана жақсы тілектерді ғана орындаған. Сендерге риза болып кетті.
ІҮ. бөлім. Қорытындылау. Су астындағы балықтарды қайталап сұрау.

zharar.kz