Химиялық қару

Скачать

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
Сұлутөр ауылы,№38 орта мектебі,
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Кистаубаев Ершат Кадырбекович

Алғашқы әскери дайындық пәнінен практикум - семинарға арналған
Сабақтың тақырыбы: Радиациялық және химиялық барлау және бақылау аспаптары

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың радиациялық және химиялық аспаптардың құрылымын, қасиеттері мен арналуын, жұмыс принциптерін, аспаптарды күтіп ұстау және сақтау ережелері туралы білімдерін пысықтау.
Дамыту: Оқушылардың ой - өрісін, іскерлігін, шығармашылық қаблетін және АӘД пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сана - сезім қалыптастыру және әскери тәртіпке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: меңгеру сабағы;
Сабақтың түрі: зерттеу сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Жаңа оқыту технолногияны қолдану.
Керекті құрал - жабдықтар:
- ДП - 5В – дозиметрлік аспабы; химиялық барылау әскери аспабы(ХБӘА); компьютер, проектор, суреттер, үлестірме карточкалар..

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
Үй тапсырмасын қайталау;
3. Негізігі бөлім.
Жаңа тақырып. Зерттеу сабағы.
4. Қорытындылау. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:- 10 мин.
1) Взвод командирдің рапорты. Сәлемдесу. Әнұранды орындау. Түгелдеу. Оқушылардың сыртқы киімдерін тексеру. Взводты екі топқа бөлу.

Үй тапсырмасын қайталау - 6 мин
Бейнефильмдердің үзінділерімен жұмыс;
Санитарлық өндеу түрлері(Дегазация; дезактивация; дезинфекц
Дегазация (газсыздандыру)------- Биологиялық (бактериологиялық) қару.
Дезактивация ----------------------- Химиялық қару.
Дезинфекция ----------------------- Ядролық қару

Тірек сызбанұсқасымен жұмыс – оқушылар сызбанұсқа бойынша сипаттама береді.

Негізгі бөлімі - 30 мин.
Аспаптармен танысу - 15 мин
Радиациялық (ДП - 5В) және химиялық (ХБӘА) барлау, бақылау аспаптармен танысу.
Бес минөттан кейін аспаптармен алмасу. Оқушылар аспаптарды зерттейді.

Дәптермен жұмыс.
Презентация және түсіндіру бөлімі - 10 мин

Мұғалім ДП - 5В және ХБӘА аспаптардың құрылымымен, тағайындалуымен, жұмыс принциптерімен қосымша таңыстырады.
Мұғалім ренгенометр - радиометрін көрсетеді және аспаптың гамма – сәулелену бойынша әртүрлі заттардың радиоактивті зақымдануы гамма - радиация деңгейлерін өлшеуге арналғанын түсіндіреді. Гамма - сәулелену қуаты (радиация деңгейі) аспаптың тиісті белгісі орналасқан кеңістік нүктесі үшін миллирентгенмен немесе 1 сағаттағы рентгенмен анықталады. Бұған қоса, бета - сәулеленуді табу мүмкіндігі де болады.
Аспапты жұмысқа дайындау кезінде:
- кезектілікті сақтай отырып қоректендіру көзін қосу, ажыратып - қосқыш тұтқасын Режим бақылау жағдайына қою, бұл ретте аспап меңзері боялған секторда орнығуы тиіс;
- қоректендіру бөлігінің қақпағын жабу, қаптама белдікті тағу жіне аспапты кеудеге орнату, оған бас телефондарын қосу;
- детекторлау блогының экранын К жағдайына (контроль - бақылау) қою.
Қосымша диапазондар ажыратып - қосқыш тұтқасын х1000, х100, х10, х1, х0, 1 қосымша диапазонына кезектестіре әкелу. Бұл ретте х1000, х100 қосымша диапазондарында меңзер ауытқымауы мүмкін, бірақ телефонда шықылдар естіледі және аспап меңзері тербелуі тиіс;
- экранды Г жағдайына қою, ұзартқыш тіректі белдікке бекіту.
Аспаптың барлық қосымша диапазондарда дыбыстық сигналдандыру болады. Есептеудің кепілдік берілетін ділдігін алу үшін қажетті аспап көрсетулерін белгілеу уақыты (қлшеу уақыты) 45 сек - тан аспайды.
Аспапты қоректендіру үш КБ - 1 қоректендіру элементтерімен жүзеге асырылады. Межелікті жарықтандыру үшін тағы да бір осындай элемент пайдаланылады. Жинақталым қалыпты жағдайларда жаңа элементтерді пайдаланған кезде 55 сағ - тан кем емес уақыт ішінде үздіксіз жұмыс істеуге қаблетті.
Аспапта кернеуі 12 және 24 В тұрақты тоқтың бөгде қоректендіру көздерінен қоректендіруге мүмкіндік беретін көшпелі кернеу бөлгіш бар. Аспаптың массасы 3, 2 кг - нан аспайды.

Алдымен ХБӘА - ның сыртқы бейнесін көрсету керек және оның ауада, жергілікті жерде, сондай - ақ техникада зарин, заман, иприттің, сондай - ақ ауада \ газының, фосгеннің, дифосгеннің, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның булары бар екендігін анықтауға арналғанын түсіндіру керек. Массасы – 2, 2 кг - дай.
Аспап жинақталымына үш түрлі индикаторлық түтікшелер кіреді: заман, зарин мен
V газының бар екенің анықтауға арналған бір қызыл сақина мен қызыл нүкте; фосген, дифосген, көгерткіш қышқылы мен хлорцианның бар екендігін анықтауға арналған бір сары сақина. УЗ - ны анықтау кезінде қоршаған ауа температурасы төмен болса индикаторлық түтікшелерді қыздырғыштарда - 10 град. С - тан + 15 С - қа дейін қыздыру қызметін атқарады. Температура +15 С - тан төмен болған кезде спиртке түтікшелерді қыздыру үшін; температура 0 С және одан төмен болған кезде заман үлгілі УЗ - ға түтікшелерді қыздыру үшін; индикаторлық түтікшелердегі ампулалардың құрамын еріту үшін пайдаланылады.
Екі - үш оқушыдан аспап құрылысын қалай меңгергенін сұрап тексереді.

Оқушылар жұмыстарын қорғайды - 5 мин.

Венн диаграммасы.

Оқушыларға үлестеірме карточкаларды таратылады.
Қорытынды бөлім – 5 мин
Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, сабақты талдау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырмасын беру.


Скачать


zharar.kz