Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты:
1. Уақыттың бірліктері туралы түсінік беру. Уақыттың бірліктерінің арақатынасын тағайындау. Әлі бірліктердің қолдануын өмірден алынған мысалдарға сүйеніп түсіндіру, екі амалмен есепті шығаруды пысықтай түсу, көп таңбалы сандарды оқуға, жазуға машықтандыру.
2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Уақытты тиімді пайдалануға, бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, күнтізбе, сағат түрлері.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың сабаққа керекті құрал жабдықтарын алдыру. Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасы: Шамаларды атау, масса, ұзындық бірліктерін үлкенінен бастап атап шығу. Сыйымдылық. Ұзындық. Шамалар