Қостанай обылысы, Арқалық қаласы,
Үштөбе ауылы, Сарыөзен орта мектебі,
математика пәнінің мұғалімі
Естайлакова Асем Абусабитовна
Тақырыбы: Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі
Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры Әлия апамыз ерлігін үлгі ету. Оқушыларға патриоттық, интернационалдық тәрбие беру. Оларды Отанын сүюге, елін қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Көрнекі етіп жазылған мақал - мәтелдер, карта.
Барысы:
Мұғалім:
Твердің орманы жас, жері кәрі,
Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.
Сол жерде Әлияның қаны сіңді,
Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.
Мұғалім:
Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,
Әлия Отанына болған мақтан.
Бежаница маңында тұлғасы тұр,
Дегендей ерлікке аттан, ерлікке аттан!
Мұғалім:
Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,
Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.
Сол жерді жаумен сақтап қаламын деп,
Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.
Мұғалім:
Қазақ халқының мәртебесін биікке көтерген, қазақ қыздарының даңқын аспанға көтерген Әлиядай жарық жұлдызымызды мәңгілік мақтаныш ете отырып, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол апат қайғыны.
(1 минут үнсіздік)
1 - оқушы:
1941 жыл 22 маусым. Таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Бұлт төндіріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
2 - оқушы:
Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.
3 - оқушы: Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер - жердегі ауылдарға тарады. Ер - азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Қасиетті бейбіт жатқан жеріміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты, жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай жаумен шайқасты.
4 - оқушы: Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 жыл миллионнан астам адамның өмірін жалмады. Міне, елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 60 жылдан асып отыр.
Мұғалім:
Ешкім де, ешнәрсе де, ешқашан да ұмытылмақ емес. Соғыс өрті қашанда халық есінде!
5 - оқушы: Көп қой батыр ағалар,
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар,
Жаттап алар балалар.
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлиядай апалар.
Мұғалім:
1944 жылдың 14 қаңтары. Төртінші батальонға жауды Казачиха деревнясынан қуып шығу тапсырылған. Берік бекініс жасап алған басқыншылар пулеметпен, минометтен, зеңбіректерден оқ жаудырып, біздің солдаттардың шабуылын тежеді. Осындай сын сағатта Әлия Отан үшін алға! деп ұран тастап алға ұмтылады. Рухтанған солдаттар қарша бораған оқтарға қарамастан дұшпанның траншеясына батыл еніп кетеді. Осы шайқаста Әлия жауынгерлерді алты рет көтеріп, бір өзі 35 – тен аса фашистердің көзін жойған.
Ұрыс шиеленіскен тұста немістің офицері Әлияның гимнастеркасынан ұстай алған еді. Ол бұлқынып шығып, өз автоматын офицерге қаратты. Оның винтовкасының номері – 956. Бірақ фашист бірінші болып атып қалды. Ең соңғы күшін жинаған Әлия өзін атқан жауды автоматымен жайратты да, ауыр жараланды. Жарасын таңып жатқызған Әлияны сұм ажал алып кетті. Қазақ халқының батыр қызы Әлия жау қолынан осылай қаза тапты.
1 - оқушы: Жан пида етір халқына,
Айнымай ата салтынан.
Жете алмай туған ауылына
Бұлақтың суын кім ішер.
Қобдаға келіп кім түсер,
Құдайым сені тұрғызбай,
Он тоғыз жаста жұлдызды - ай.
Еліңнің атын шығардың,
Жарқ етір аққан жұлдыздай.
Соққанда сын сағаттың,
Батыр қызық қазақтың
Қобдада туып Невада,
Әлемге атын тараттың.
Бұл сұрапыл жекпе - жекте
Қол брстады Әлия қыз.
Ол жоқ, қалды келешекке
Үлгі болып ерлік аңыз.
Мұғалім: Ерен ерлігі үшін Әлия Молдағұлова Нұрмұқанбетқызына КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы маусымның 4 - ші жұлдызында Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Әлия туған Қазақстанын, туған жерін шексіз сүйді. Байтақ Отаны оның есімін мәңгі ұмытпайды. Мерген қыз Әлияның аты аңызға айналды.
2 - оқушы: Жетпіс жыл!
Бейбіт көктем таңы атқалы.
Жетпіс жыл!
Шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс екі рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
3 - оқушы: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
4 - оқушы: Ау, адамдар, даналар!
Соғысқа қарсы балалар.
Өркендей берсін қалалар,
Гүлдене берсін далалар.
Тыныштық керек ол үшін!
Мұғалім:
Өртенбесін туған жер,
Өркендесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
Қортынды: Ал, балалар! Бүгінгі сабақта не ұқтыңдар, нені еске түсірдік? Өз ойларыңды айтып беріңдер. Әлия деген кім? Оның қандай ерліктерін білесіңдер?