Дулат өмір сүрген кезең жайлы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Д. Бабатайұлының О, Ақтан жас, Ақтан жас
Сабақтың мақсаты:
Біліміділігі: ақын өмірі жайлы мәлімет беру, өлеңді мәнерлеп оқу, идеялық мазмұнын ашу;
Дамытушылық: оқушы білімін кеңейту, ой өрісін дамыту;
Тәрбиелік: адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, топтау, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, кітаптары, кесте, нақыл сөздер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сыныптың сабаққа даярлығын тексеру
ә) оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Құлпытастарға қашалып жазылған жазу ескерткіштері қандай жазулар деп аталады?
2. Күлтегін - қаһармандықтың символы ой бөлісу.
Венн диаграммасы
Күлтегін – 47 жас ғұмыр кешкен әскербасы, Бумын Істемі, Құтлығ, Қапаған қағандарының ұрпағы, Білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға эпостық образ. Батыр, қолбасшы, өр, қайсар, беделді, атақты, елін сүйген түріктер. Тоныкөк - ақыл иесі, шешен, ғұлама жырау, данышпан, көреген, айлакер, саясаткер, ауылгой 85 - 86 жас ғұмыр кешкен ақылшы.
3. Ерлік, батырлық туралы мақал - мәтелдер айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Дулат өмір сүрген кезең жайлы
2. Дулат - заман туралы терең толғаған ақын.
Дулат Бабатайұлы - қазақ халқының әдебиетінде елеулі орын алатын ақынның бірі. Дулат өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болды. Шығармалары Отан, туған жер, атамекен жайлы. Өлеңдерінде туған жерге деген сезімін ерекше толғаныспен жырлайды. Ол - заман туралы, халқының мұңы мен зарын, арманы мен қиялын жаны ауыра жырлаған ақын.
шешен
шыншыл ақын
мысалшы жырау
Оқулықпен жұмыс
О, Ақтан жас, Ақтан жас өлеңін мәнерлеп оқыту.
Бұл өлең жетім бала Ақтанға арналған. Демек, арнау өлең. Ақын бала болашағына көз жүгіртіп, мақсатына жету үшін қажымай - талмай күресу керек екенін айтады, оған деген сенімін білдіреді.
Дәптермен жұмыс.
Ақын Ақтан жасқа қандай үміт артады?
Ақын үміті Сен ұсынар жол
1. Сен де жетер ме екенсің?
2. Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Өмір сүрер ме екенсің?
3. Жетімдіктен өтерсің,
Жетерсің, әлі жетерсің.
ІV. Жаңа сабақты меңгерту.
Өлеңнің идеясы: іздене еңбек етуге, білімге шақырады.
Ой - түйін: Ерді еңбек жеткізер.
Еңбек етсең - емерсің,
Ерінбесең - женерсің.
V. Білімді бекіту:
Сөзмаржан
Бержін ер - батырлардың астына сай ер.
Керсен - тегеш, тегене.
Білтелі - майшамның талшығы.
Бадана көз - үлкен көз.
Сауыт - денеге киетін торкөзді кіреуке.
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)- ойды сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен - өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Мысал келтіру.
VІ. Білімді бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру: оқу, өлеңді жаттау.


Скачать


zharar.kz