Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
Ахмет Байтұрсынұлы
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр - ау.
Міржақып Дулатұлы
Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.
Тоқсары
Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.
Майқы би
Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.
Федор Достоевский
Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен - саран адамдарға беретін артық өнері. Көп берілгеннен көп сұранады деген нақылды ескертіп, аяғына дейін түзетуге керек еді. Тілді бұзбай ұстарту, шеберлету, байыту – ақындардың мойындарына артылған зор борыш.
Халел Досмұхамедұлы
Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
Нельсон Мандела