Бүгінгі танысатынымыз

Скачать

Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ер Тарғын жырдан үзінді
Мақсаты мен міндеттері: халық ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру;
1. Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық: мәтінді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3. Тәрбиелік: батылдыққа, өжеттікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: тірек - сызба
Әдіс - тәсілдер: жұптық, талдау,
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы,
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
- Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
2. Жаңа сабақ
1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы:
Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар.
2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Бүгінгі танысатын алғашқы халық ауыз әдебиетінің түрі: батырлар жыры.
Батырлар жыры: еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Бүгінгі танысатынымыз: Ер Тарғын жырынан үзінді.
Оқулық бойынша жұмыс 3 - 6 бет
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
- тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
іштей оқу
мәтіннің негізгі ойын ата
сөздік жұмыс: пәрмен - көмек, тобасы - тілегі, көңіліне қайғы бітеді - түңілді.
Ер Тарғын жырында қандай оқиға орын алды?
Ер Тарғынның тұлпары қандай
Ер Тарғынның киімі туралы айтылған тұсты тауып оқы.
Бұл жырды неше бөлікке бөлер едің?
Жекпе - жекте Ер Тарғын қалай аман қалды?
Егер ол жеңілсе халықтың жағдайы не болар еді?


Скачать


zharar.kz