Әңгімені бөлімдерге бөлу

Скачать

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушылардың әңгімеден алған білімдерін әр түрлі әдістерге негізделген тапсырмаларды орындау арқылы қорытындылау.
ә) Дамытушылық: Әдебиет теориясынан алған білімдерін арттыру, оқулықпен жұмыс, әңгімені композициялық құрылысына талдау.
б) Тәрбиелік: Көркем сөйлеу шеберлігін қалыптастыру, шығармашылық іздемпаздығын арттыру

Көрнекіліктер: Сәбит Мұқанов портреті, мультимедиямен жұмыс, интерактивтік тақтаны пайдалану.
Өмір мектебі трилогиясы – Сәбит Мұқанов өмір сүріп, өнер әлемінде алып қимылмен еңсере еңбек еткен бүкіл бір ұрпаққа тән бүтін бір ғұмырдың көркем шежіресі.
Дәуірлік айна деген осы болады.
Өз дәуірінің айнасына айналған суреткер - шын мәніндегі шыншыл суреткер.
З. ҚАБДОЛОВ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың түрі: Қорытындылау
Сабақтың жүру барысы: I. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, сабаққа
дайындығын арттыру

II. Үй жұмысы: а) С. Мұқанов өмір жолдары, шығармашылығы
туралы кітаптан тыс тың материалдар біліп келу.
ә) Топтастыру стратегиясы бойынша Сәбит кім?
үй тапсырмасын бекіту.
б) Лашын әңгімесінің мазмұнын сұрау
I. Әңгімені бөлімдерге бөлу: “Лашын” әңгімесін бірнеше бөлімдерге бөлу
а) Балтабай аулында (кіріспе есебінде)
ә) Балтабайдың Ақметі, оның портреті, атбегілікпен және құсбегілікпен айналысатындығы
б) Ақмет лашынының сипаты
в) Ақметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері
г) Лашынның үйрек алу тәсілдері
ғ) Дабыл қағудың мәнісі
д) Лашынның қазды алған кездегі амалы
е) Лашынға қарсы дуадақтың көрсететін қайраты
ж) Құс салудың ең дұрыс мезгілі
з) Құстардың таң ата жайылуға шығуы
и) Құстардың қойған қарауылына көрінбей, естіртпей бару,
к) Дабылдау, құстардың айналып ұшуы
қ) Лашынды жіберу
II. Мәтіндегі көріктеуіш сөздерді табу.
Портреттеу
Көк көзді, шабдан мұртты, ақсұр, қушық бетті, түрін байырғы орыстан айырып ала алмайтын
ТЕҢЕУ
Денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанат, құйрығымен тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп - ұзын көрінетін, маңдайы жайпақтау келген, тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген, сарғыттау қияғының өткірлігі ұстарадай, мөлдіреген қара - қаттай қап - қара көздері томпайып, сыртына қарай тепкен, бөтегесі жүйрік аттай төстектеу, сирақтары жіңішке, сарғылт саусақтарының басына имие біткен сұрғылт тұяқтарының ұштары егелген біздей өткір, жазған қанатының ойылыңқырап барып, ұш жағы іп - істік боп кеткен, құйрықтары сауысқандай ұзынша, қарабалармен сапырылысып, түсін кейде сұрлау қанатының түсі қоңырлау таңқарасұр, кейде қара қоңыр көрсетіп, құлпыртып тұратын...

“Жерден жоғары атқан тас сияқтанып, домалана ұшады”
Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер:
Саңғиды
Сіберлеуі
Оттап отыру
Іліп қалу

Әңгімені құрылысына талдау
Басталуы Құсбегі, Ахмет
Дамуы Ахмет лашынының мүсіні
Шиеленісуі, өрбуі Ахмет лашынының өнері
Шарықтау шегі Сәбит пен Ахметтің саятшылыққа шығуы
Шешімі, қорытындылау Есте қалған сол бір ерекше күн

Тақырыпқа сәйкес мақал - мәтелдердің мәнін ашу
1. Саятшылық сабырлыға жарасар
2. Құс жаманы - саңғығыш,
Адам жаманы - қаңғығыш
3. Атбегі - аттың тұяғына қарар
Құсбегі - құстың қияғына қарар
4. Саятшының сұңқары
Салған жерден іледі
5. Құсбегісі келіссе,
Күйкентай құс қаз алар
Үйге тапсырма:
Саятшылық - өмірдің бір қызығы тақырыбында шығармашылық жұмыс жазу Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау


Скачать


zharar.kz