Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№10 жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәні мұғалімі Атенова Балсайра Керимбаевна
дамыта - түзете оқыту сыныбына арналған сабақ
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі;
Дамытушылық: Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту; логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; ойын жеткізе білуін және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғай білуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу; ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу; өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушыларды өзін – өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ, ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар, әр мезгілге байланысты суреттер
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз басқа сабаққа қарағанда өзгеше өтеді. Өздерің байқағандай тақтада бірнеше суреттер ілініп тұр. Бұл суреттер Жылдың төрт мезгіліне байланысты. Қазір бәріміз бірге осы мезгілдерді атайық. Әр мезгілдің қасында екі себет (корзинка) бар. Осы себетке әр жыл мезгілде жинайсыңдар. Қай топ көп жинайды сол топ жеңіске жетеді.
Күз мезгілі Қыс мезгілі Көктем мезгілі Жаз мезгілі
2) Ауызша жаттығу Күз мезгілі жапырақ жинау
А) +1, - 2, - 3, +4, - 5, +6, - 7, +8, +9, - 10 қандай сандар теріс сандар?
Жауабы: - 2, - 3, - 5, - 7, - 10
Б) - 5 және 6 қайсысы үлкен? Жауабы: 6
В) 0 және - 12 қайсысы үлкен? Жауабы: 0
3) Қосуды орында. Қыс мезгілі аққала жасау
А) - 4+24=20
Б) 8, 2 + (- 5)=3, 2
В) 3, 5+ (- 2, 5)=1
Г) - 10+ (- 8)= - 18
4) Азайтуды орында. Көктем мезгілі қызғалдақ жинау
А) - 45 -(- 40, 5)= - 4, 5
Б) - 6, 8 - (- 12, 8)= 6
В) - 100 - (- 50)= - 50
5) Жаз мезгілінің жаршысы қандай гүл екенін білесіңдер? (Түймедақ)
Берілген сандарды өсу ретімен орналастыр:
99 - Қ, - 54 - Ү, - 1 - Й, 2 - М, 32 - Д, 84 - А, - 100 - Т, 23 - Е
Жауабы:
- 100 - Т
- 54 - Ү
- 1 - Й
2 - М
23 - Е
32 - Д
84 - А
99 - Қ
Қорытынды: Құрметті оқушылар бүгін біз сабақта сендермен бірге жылдың төрт мезгілін қарастырдық. Барлықтарың жақсы жұмыс жасадыңдар. Сендерге не ұнады? Сендерге қай мезгіл ұнайды немесе ұнамайды? Несімен?
Бағалау.
Үйге тапсырма.