ОҚО, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы,
№6 жалпы орта білім беретін мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байтемирова Жанат
Сабақ тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Жалпы мақсаты:
Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту, оның жасалу жолдарын меңгерту. Сын есімнің өзіне тән белгілерін білу, Салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындысын жасауды, игерту, Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Сын есімнің мағыналық түрлерін меңгереді.
Сын есімдерге талдау жасай алады, ой қорытындысын жасауды үйренеді,
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құрады, жеке, топтық жұмыстар арқылы өзіндік пікір, көзқарас қалыптасады.
Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын бекіту
сен – маған, мен - саған әдісімен оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы өткенді қайталау
Тест ия немесе жоқ
1. Бағдаршам – қос сөз
2. көңіл – туынды сөз
3. біркелкі сөздерді жаппай атайтын сөздерді жалпы есім дейді
4. мектеп дерексіз зат есім
5. туынды сын есім жалғау арқылы жасалады
1. үйдей – негізгі сын есім
2. Алатау жалқы есім
3. адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын ұғым атаулары дерексіз зат есім деп аталады
4. көк ала, ойлы - қырлы – күрделі сын есім
5. – аған, - еген есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ
1. – лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақ
2. сын есім заттың қимылын білдіреді
3. қызық қоңыр - дара сын есім
4. сөздердің түбірлері өзгеріске ұшырап
бірігуін кіріккен сөз дейді
5. жақсы, әдемі сөздері заттың сапалық белгісін білдіреді
1. қосымшаның 3 түрі бар
2. күрделі атаулардың белгілі тәсілмен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді
3. киім - кешек – қайталама қос сөз
4. алғыр - туынды сын есім
5. сын есім тұлғасына қарай екіге бөлінеді