ОҚО, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылы,
"Аққу" балабақшасының тәрбиешісі Абишева Урзада
Тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу тарихы мен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру. Абылайханның билік саясатына түсінік беру.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Биылғы жыл – қалың қазақты бір жасатып тастады. Армысыздар бүгінгі тәрбиелік шараға жиналған құрметті балабақша қызметкерлер, ата - аналар және балалар. Бүгінгі өткелі отырған тәрбиелік шара тақырыбы — Қазақ хандығына 550 жыл . Осы ерекше датаның бүгінде маңызы зор. Бүгінгі шара Дүбірлі тойдың өз деңгейінде атап өтілуі үшін біздің қосқан үлесіміз болып табылады.
Жүргізуші
Армысыздар осы кештің қонақтары
Халқымның ашық болсын атар таңы
Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл атты кешіміздің
Беделін көтерейік тарихтағы.
1 жүргізуші
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.
Әр адамзаттың қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің ата мекенін қалай білуімен өлшенбек. Ананың ақ сүтіне, уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болмақ.
Көрініс:
Сұлтандар кеңесі Абылайхан өз баласын хандыққа сайлауы.
Орындайтындар: Абылайхан - Бауыржан,
Абылайханның кіші ұлы - Қасым – Дастан
Абылайханның үлкен ұлы – Үәли – Бағдаулет
Әлдебек шешен – Ердәулет
Алдабек Батыр – Мейрамбек
Байдалы шешен – Абай
Бекболат шешен - Ернұр
Әйтеке Би – Ғабидин
Қазыбек Би - Мирас
Төлеби – Дияс
Атақты Абылайхан жасы 60 тан асқанда қарамағындағы Би, Болыс, ақсақалдарды ордасына шақырыпты. Ондағы мақсаты өзінің қалмақ әйелінен туған баласы Қасым төрені орнына хан сайламақ еді. Шақырғандар уақытында келіп, Абыздың баласы Әлдебек кешігіп келеді.
Қасым төре өте тәкаппар қатал мінезді адам еді, жасы әкесімен қатар Әлдебектің көзі қыли аяғы ақсақтығын кемітіп былай деді: - Ауыздыға сөз бермей, аттылыға жол бермей отырған мына соқыр кім еді,- депті. Сонда Әлдебек шешен бұл сөзге шыдай алмай:
Ердәулет: Менін атым Әлдебек
Сөйлер сөзім әлі көп
Жан - жағыңа қарашы
Хан бір адам, қара көп
Атаң Абылай шақырды
Хан сайла деп – Қасымды.
Уа сайламаймын Қасымды
Болмай жатып басынды
Кірсіз көктегі ай
Мінсіз бір құдай
Әкең сенің сарт еді
Шешен қалмақ Құралай
Екеуінен жаралған
Бойына лас тараған
Инабат жоқ, ұят жоқ
Сенсің нағыз сұмырай – деп қамшысын бүктеп тізесіне басып жан - жағына қарапты.
Қасым төре одан сайын түтігіпті, осындай қиқаң сөзіңді қоймасаң саған садақтың бір жебесі дарысын, көрермін әлі күшіңді - деп тепсініпті.
Бұл екеуін ушықтырмаймын деп, Қанжығалды батыр әрі шешен Айтбай сөзге араласыпты.
Мейрамбек: Уа, Қасым не қыларсың соқырға
Соқыр бекер сөйлеп отырма
Тілді қалай бумақпыз
Осындай жиын тойларда
Нағашың қалмақ болғанда
Әкең сенің сарт еді
Мұны елден жасырма,
Жасырып қайда барасың
Басынып сен құтыр ма!
Құс жастықты шынтақтап жатқан Қасым басын көтеріп алыпты да былай депті.
Жаңа мына соқыр ақсақалдан пәлеге қалып едік, енді мына басына темір телпек киген тазың кім еді?- депті, оған Алдабек былай жауап қайтарыпты:
Мейрамбек: Руым Ақжол болғанда
Байкелтірдің баласы
Атым Алдабек батырмын
Өз бетімнен келген жоқ
Әкең Абылай шақырды
Хан сайла деп Қасымды
- Ақ орданың ішінде отырып мені бір рет емес, екі рет қалмақ дедің деп Қасым төре Алдабек Батырға қылышын ала ұмтылғанда көпшілік оны жібермей ұстап қалады, қойыңдар деп араға ақсақалдар түсіп оларды қойғызады. Сөйтіп Байдалы шешен ортаға шығыпты:
Абай: - Уа Абылай хан ием
Сайлаймын хандыққа
Қасым деген балаңды
Хан болғандай айырмас
Жақсы менен жаманды
Шешіп төре бере алмас
Адал менен харамды
Сен сүйіп қатын қылғанмен
Арғы заты арамды
Қанша айтқан мен Ханда қырық кісінің ақылы бар,- демекші Абылай бұл сөзге онша шамданбайды. Мәжілісті әрмен қарай жалғастыра беріпті.
- Тағы кім сөйлейді?- дегенде енді Бекболат шешен қамшысын бүктеген күйі алға шығыпты.
О. Ернұр. – Уа Абылай, хан ием
Хан соқыр болса
Халқы қор болады
Қара соқыр болса
Ақылы мол болады.
Инабатты кісіден
Хан сайласақ
Көпке тиіп пайдасы
Әділетті зор болар.
Тәкаппар кежір адамнан
Хан сайласақ, тақсыр - ау,
Қаһарын шашып халыққа
Айдаһардай сор болар
Бекболат шешен осылай дегенде, өзге би, шешен, байлар, батырлар, Айтбай мен Әлдебекті, Алдабекпен Бекболатты қуаттап Қасымды хандыққа сайламай қояды. Сонда қартайған Абылайхан былай депті.
Бауыржан: Уа халқым мен өз орныма
Кіші ұлым Қасымды емес,
Үлкен ұлым Уәлиді сайлаймын
Бұған не дейсіңдер – депті.
Халық қуана қол шапалақтапты ортаға Уәли хан шығады.
Бағдәулет. Уа, халқым мені хан сайладыңыз Халқымның алдында бас иемін.
Төрт құбыламды тең етіп
Төрт түлігімді сай етемін.
Үш би сөзге шығады:
Әйтеке би:
Ғабидин: Біз қазақ - бір ұяның балапаны едік,
Қанаттанып, сұңқар болып самғайық!
Біз бүкіл қазақ – бір биенің құлыны едік
Тұлпар болып оза шабайық
Біз қазақ деген – бір тоғайдың ағашы едік
Орман болып жасылданып, жайқалайық,
Біз бүкіл қазақ – бір шаңырақ, бір қазан
Бір дастархан боп, атамекенді қамтиық.
Қазыбек би:
Мирас: Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Елімізден құт – береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау шаппасын
Найзаға үкі таққан елміз деп,
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Досымызды сақтай білген елміз
Дияс: Төлеби
Ғабидин Атадан жақсы ұл туса,
Елімнің туы болады.
Мирас Анадан жақсы қыз туса,
Елімнің гүлі болады.
Диас Қане туды алып келіңдер
Музыка ойналып туды алып келеді.
Төрт құбыласы тең болсын деп төрт бұрышты етіп ту жасадық, мінекейіңіз хан ием.
Олай болса
- Уа халайық, ұлан асыр той жасайық!
Қырық күн ойын,
Қырық түн тойын жасайық.
Хор: Бұлқынды жүрек әні.
Жүргізуші: Сәлем бердік кешіміздің көрермені
Қазақтың ол анық қой өнер кені
Тарихи кешімізге қош келдіңіз
Алдарыңда болашақтың өрендері. - дей отырып ортаға тақпақ айтуға
Ақниет: Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Балжан: Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында
Би: Ерке сылқым
Орындайтындар: Балжан, Жасмин, Венера, Әсем.
Әсем:
Ұлы боп көк тәңірдің саналатын
Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің қағанатын
Адина:
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Хор: Мен әдепті баламын
Ақнұр: Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік - таққа таласқан аға – бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген.
Жасмина: Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру – тайпа өзінше хандық құрған
Би: Қазақ биі.
Орындайтындар: Қарлығаш тобының жігіттері.
Асылай: Арманы жүзеге асып бабалардың,
Рухы асқақтады даналардың.
Есімі қайта қауышты ұрпағымен,
Нақақтан шәйіт болан ағалардың.
Аруна: Аманаты Абылайдың орындалды,
Әлемге қазақ елі мойындалды.
Тілі іні, дәстүрі халқымыздың,
Төрінен лайықты орын алды.
Хор: Күз келді
Венера: Өркендеп алға басты Қазақстан,
Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.
Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,
Санасатын болды енді дос пен дұшпан.
Жібек: Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы
Би: Шашу биі
Орындайтындар: Жібек, Асылай, Аруна, Ақниет. Ақнұр, Адина.
Хор: Менің қазақстаным ән ұраны.
Жүргізуші:
Қорытынды: Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында Мәңгілік ел қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Нұрлы жол болашаққа бастар жол деп, бүгінгі Қазақ хандығына 550 жылдығына арналған мерекелік іс - шараны аяқтаймыз. Хош сау болыңыздар!