Тақырыбы: Жас суретшілер сайысы
Мақсаты: Балаларға бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету.
Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Құрал - жабдықтар: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.
Сайыстың барысы:
Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгінгі Жас суретшілер атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1
2
3
Бүгінгі сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Аппликациялық сурет
3. Өсімдіктерді құрастыр
4. Айырмашылығын тап
5. Шебер - фломастер
6. Жаз – керемет жыл мезгілі
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Суретші балаларды шақырамыз.
І топ Балдырған
ІІ топ Достық
І. Таныстыру
Топпен таныстыру;
Балдырған
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
Достық
Достық болсын әр елде,
Бақыт қонсын әлемге.
Тату – тәтті тұрайық,
Сәнді өмір құрайық.
ІІ. Аппликациялық сурет
Түрлі - түсті қағаздан балапан бейнесін жабыстыру.
ІІІ. Өсімдіктерді құрастыр
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесі. Өсімдіктерді түр – түріне қарай құрастыру.
IV. Айырмашылығын тап Топ басшыларына тапсырма.
Екі топ басшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.
V. Шебер - фломастер
Фломастерлермен суретті анық бояп шығады.
VI. Жаз – керемет жыл мезгілі
Балалар өз бетінше жаз мезгілінің бейнесін қағаз бетіне салады.
Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - деп, сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз де ат салысып қатыстыңдар.
Марапаттау рәсімі. (музыка әуенімен сайыс аяқталады)