Антик дәуірі, философия

Скачать

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Алғашқы адам, қоғам, табиғат туралы ойлар, антик дәуірі ойшылдары туралы түсіндіру. Платон, Аристотоль, Қорқыт ата философиялық ойларын жеткізу.
Тәрбиелігі: бірлікке, ынтымақты болуға, адамгершілік, имандылыққа мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: философиялық дүниетанымын, саяси - саналыққа, ойын, көзқарасын дамыту
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Оқыту әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілік: портреттер, тарихи карта, схема
Көкейтестілігі
а) негізгі түсінік
ә) Оқушының сабаққа қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:
б) жұмыс жасау барысында өзіндік, өзара бақылау түрлері:

1. Өткен материалды қайталау, үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыбы: Социология пәні және оның міндеттері.
1. Социология ғылымының атқаратын қызметі, ұғымы.
2. Социология салалары.

Социология саласы
Еңбек білім саясат отбасы дін спорт қылмыс тіл, өнер
а) жазбаша жұмыстарын тексеру, талдау:
Социология - әлеуметті зерттейтін ғылым. Ол - тұтас қоғамның және әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасу заңдылықтарын, қызметі мен дамуын зерттейтін ғылым.
Социология - латын тілінде қоғам, ілім деген мағына береді.
ә) тақырып бойынша сұрақтар

2. Жаңа түсініктерді қалыптастыру және орындау тәсілдері:
а) жаңа түсініктер:
ә) негізгі берілетін білімдер:
Адам, қоғам табиғат туралы ойлар алғашқы кезде аңыз арқылы таралды. Онда жаратушы бар деп есептеді. Аңызда әлем, жер, су, елді мекен, ру - тайпа, жеке адамның өмірі көптеп кездеседі.
Қытай философы Конфуций (б. з. д 551 - 479ж ) адамдар арасында гуманизм, мейірімділік, үстемдік құруы керек. Күнделікті өмірде өзгелерге көмек көрсету, алға қойған мақсатқа өз күшіңмен жету, өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме қағидалары салтанат құрсын. Мемлекет – үлкен отбасы. Оның басқарушысы - Аспан, халықтың ата – анасы сияқты.
Мемлекетті басқарушы адамдардың бойында философтық, әдебиеттің, ғылымның және әкімнің қасиеттерінің бәрі болуы тиіс.

Антикалық пікірдің салиқалы ойларын айтқандар - Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Эпикур.
Платон - мемлекетті парасатты, білімді адамдар басқаруы керек дейді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруін мемлекет дейді.
Платон ( б. з. д 428 - 347 ж ) 30-дан астам философиялық еңбектің авторы. Парменид
Мемлекет Мемлекет пен отбасының айырмашылығы жоқ, екіншісі біріншісінің құрамына еніп кеткен - дейді.
Антикалық дәуірдің ұлы ойшылы – Аристотель. Ол адамның ақылы мен парасатын жоғары күш деп бағалаған. Ой мен даналық жоғары текті адамға тән. Құлдар төменгі сұрыпты адамдар. Қоғамның толық мүшесі емес.
Мемлекет – биліктің жоғарғы формасы. Билеу мен бағындыру қажет, әрі пайдалы. Өйткені адамдар табиғатынан солай, бірі билеу үшін, ал екіншісі бағыну үшін жаралған. Аристотель(б. з. д 384 - 322ж ) грек философы, энциклопедист ғалым. Платонның шәкірті. Мета физика Саясат атты еңбектері бар.
Қорқыт ата - VІІІ ғ өмір сүрген оғыз - қыпшақ елінің философы. Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы Қорқыт ата кітабы .
Қорқыт мәңгілік өмір іздейді. Қиыншылыққа мойымай, қарсы тұруға шақырады. Шешен тілімен өлімге қарсы тұратын рухани күшті уағыздайды. Ол – әлем мен табиғат заңдылықтарына байсалдылықпен қарайды. Табиғат байлығын сұлулығын бағалайды. Гуманистік көзқарастың қалыптасуын көздейді.
в) ақпараттық және проблемалық сұрақтар:
1. Алғашқы адамдар туралы аңыздардан не білеміз?
2. Антик дәуірінің ойшылдары кімдер?
3. Қорқыт атаның адам, қоғам туралы ойларын ортаға салу?
а) қандай дағды мен икемдіктер қалыптасады:
- ізденіс, зерттеу т. б
-
4. Терминологиялық сөздіктер. Антик дәуірі, философия,
5. Тест тапсырмасы.
1) Адам дегеніміз кім?
а) Саналы әрекет жасай алатын жан иесі.
ә) Қоғамдық қатынастың жиынтығы.
б) Жануарлардың түрі.
в) Табиғаттың төл туындысы.
2) Білімді – Күш! – деп бағалаған ағылшын философы?
а) Бекон
ә) Аристотель
б) Платон
в) Сократ
3) Философияның мағынасы?
а) ізденіс
ә) Даналыққа құштарлық
б) Ақиқат в) даму
4) Диалектика дегеніміз не?
а) Қозғалыс
ә) кері кету
б) өрлеу
в) дамудың жалпы заңдары туралы ілім.
5) Адамның шығу тегін зерттеген ғалым?
а) Зигмуд Фрейд
ә) Әл – Бируни
б) Чарлс Дарвин
в) Николай Каперник
6) Материя дегеніміз не?
а) қозғалыс
ә) кеңістік
б) сана
в) таным
7) Социология ғылымы нені зерттейді?
а) табиғатты
ә) аспан денелерін
б) тұтас қоғамды
в) ежелгі дүниені
8) Философия терминін алғаш қолданған ғалым?
а) Сократ
ә) Пифагор
б) Геродот
в) Сыма - Цянь
9) Адам өмірінің мәні неде?
а) байлық жинау
ә) ұрпақ өсіру
б) сол өмірде адамша өмір сүре білу
в) достарыңмен ойнап күлу.
10) Эволюция дегенді қалай түсінесің?
а) төңкеріс
ә) өзгеріс
б) кері кету
в) біртіндеп даму.
6. Үйге тапсырма: § 11 оқып әңгімелеу. Тест жасау.


Скачать


zharar.kz