Дөңгелектер тобына

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек, Шаршы. Тең бөлікке бөлу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршымен таныстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіте отырып, олардың ой - өрісін, ойлау.
Дамытушылық: Айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту.
Тәрбиелік: Пішіндерді тең бөлікке бөлуді тең практикалық жолмен игерту, түсіндіру.
Сабақтың әдіс - тәсілдері:
Әңгімелесу, түсіндіру, таныстыру, сұрақ - жауап, көрсету, ойнату, практикалық мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі:
Кеспе сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, геометриялық пішіндер, дөңгелек, шаршы, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Балаларды ортаға, шеңбер бойына жинау, жинақтау, сабаққа дайындық.

2. Сәлемдесу рәсімі.
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бізге бүгінгі сабағымызға қатысуға апайлар келіп отыр екен, қане, амандасып алайық.
Балалар: - Сәлеметсіздер ме?
Барлығы бірге хормен:
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Тату бола білейік.
Қайырлы күн, тілейік!

3. Топтасу.
Ортаға шашылған дөңгелек, шаршы пішіндерді бір - бірден таңдап алып, түстеріне қарай, қызыл түсті дөңгелекшелер алғандар, қызыл жабынды жабылған үстелге, көк түсті шаршыларды таңдап алғандар, көк жабынды жабылған үстелге жайғасып отырады.
4. Өткен сабақты пысықтау.
А) Қазір қандай сабақ болатынын, ай, апта күнін атау.
Ә) Өткен сабақты бекіту тапсырмалары.
Біз өткен математика сабақтарымызда бір қатар ұғымдармен, сандар мен танысқан болатынбыз. Енді мен сендердің сол үйренген білімдеріңді тексеріп көру. Яғни, мына әдемі қобдишадан келіп, қалташалар арқылы, ондағы сұрақтарға жауап беріп, қарапайым математикалық ұғымдар туралы білетінімізді ортаға салайық.
Түрлі - түсті конверттерде тапсырмалар жазылады.
№1. Суреттерді қарада, сана.
Суреттерді санап қанша болса, жанына сол санды тауып қою.
- 1
- 2
- 3
№2. Кел, айтайық санамақ.
Балаларға 5 - ке дейін сандар санамағын айтқызу.
1 - санамағы.
Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап.
Ең басында тұрмын.
2 - санамағы.
Бірден кейін тұрамын.
Сандар іші тұрағым.
Бірді, бірге қосқанда
Мен иіліп шығамын.
3 - санамағы.
Екіден соң әрқашан.
Үш саны мен шығамын.
Қосмүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4 - санамағы.
Үш сызықтан таяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы.
Төрт түліктің аяғы.
5 - санамағы.
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Санасаң қолдың саусағын
Оңай табасың бесті.

№3. Қуыршақтарды бойларына қарай қойып шық.
Қуыршақ суреттерін үлкенінен бастап кішісіне қарай қатарға қойып шығу.
Үлкен - кіші ұғымын бекіту.

№4. Ойыншықтарды қасиетіне қарай салыстыр.
Кубиктерден құрастырылған мұнара – биік - аласа.
Қуыршақтардың көйлегі – ұзын - қысқа.
Ойыншық қоян, машина - жұмсақ - қатты.

5. Жаңа сабақ.
Кіріспе, түсінік беру.
Балалар жаңа сендер пішіндерді түстеріне қарай алып екі топқа бөлініп отырдыңдар қызыл түсті пішін алғандарың, қолдарыңдағы геометриялық пішін - дөңгелек деп аталады.
Дөңгелек пішінмен көрсете тұрып таныстыру.
Дөңгелекке ұқсас нәрселерді көрсету суреттермен доп, алма, дөңгелек, бағдаршамның көзі т. б.
Дөңгелек - геометриялық пішінге жатады, оның бұрыштары болмайды, қабырғаларының қырлары жоқ тегіс, жымдасқан.
Сондықтан да, қызыл түстілер, барлығыда бірдей дөңгелек пішін болғандықтан. Дөңгелектер тобы болып аталасыңдар.
Шаршымен таныстыру. Ал, қолдарыңда көк түсті пішіндер таңдап алғандарың, сендердегі пішін шаршыға жатады.
Шаршы деген де - геометриялық пішіннің бір түрі. Оны төртбұрыш немесе тіктөртбұрышпен шатастырып алмаңдар. Себебі шаршының барлық қабырғаларының ұзындықтары бірдей тең болады. Шаршыға ұқсас заттар көрсету, кітап, қол орамалы, кубик, құрақ көрпе т. б.
Көк түстілер сендерде шаршы пішіндер болғандықтан
Шаршылар тобы боласыңдар.
Енді әрі қарай сабағымызды екі топтың арасындағы білім сайысы түрінде жалғастырамыз, Яғни, сендер кезекті тапсырмаларды орындау арқылы білімдеріңді, тапқырлықтарыңды танытасыңдар. Тапсырмаларға кіріспес бұрын, шаршағанымызды басып, сергіп алайық.

6. Сергіту сәті.(сергіту жаттығуын жасату).
7. Практикалық жұмыс.(тапсырмалар орындау).
Тапсырмаларды орындаған топ 1 жұлдызшадан алып отырады, жұлдызшаларды қорапшаларға әрорындалған тапсырма нәтижесіне қарай, тәрбиеші салып отырады, немесе оқушыға салдыртады. Сабақ соңында жұлдызшаларды санау арқылы қайтоптың жеңгені не жеңілгені, тең түскен жағдайлары анықталады.
1 - тапсырма. Түрлі – түсті батпырауықтар
2 топқа батпырауықтар суреті салынған плакат беріледі, балалар өз тобының белгісіне қарай шаршы, дөңгелек пішінге ұқсас батпырауықтарды санап дұрыс санын табуы керек. Олардың саны әрқайсысында 5 - тен болуы керек

2 - тапсырма. Ойлан тап!
Логикалық есептер
Дөңгелектер тобына -
Көжек екеу.
Құлағы нешеу? (4)
Алматта 1 асық
Санатта 2 асық
Барлығы неше асық. (3)
Бестен төртті алайық,
Қанша қалды қарайық?
Қарайық тасанайық,
Санайық та табайық?(1).
Шаршылар тобына -
Көп - көп ойыншық бар бізде.
1қоян, 1 аю, 1 күшік
Қанша болды, сен ізде?(3)
Сиыр екеу, мүйізі нешеу. (4)

Ыдыста 2 алма
Қолымда 3 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма. (5)
3 - тапсырма. Пішіндерді санайық.
2 топқа өз пішіндері сондай - ақ басқа да пішіндер салынған парақ беріледі, балалар оларды санап айтады. Соңынан балалардың қолдарына кеспе сандар таратылып беріліп Өз орныңды тап! ойынын ойнатуға болады.
1 - ден 5 - ке дейінтура, керісанату.
4 - тапсырма. “Кім ойлампаз?”
(сұрақтарға тез жауап беру, әрдұрыс жауапқа 1жұлдызшадан алады)
Шаршылар тобына.
1. Машинаның дөңгелегі нешеу?
2. 5саусақты қолғапта неше саусақ бар?
3. Қоян жүйрік пе әлде тасбақа жүйрік пе?

Дөңгелектер тобына.
1. Түйенің неше аяғы бар?
2. Табиғатта неше жылмезгілі бар?
3. Қандай үй жануарлары үлкен? Ат па әлдеитпе?
5 - тапсырма. Құрастыру. Пішіндерді тең бөлікке бөлу.
Әр топ балалары әрқайсысы алдарына жеке - жеке жіптен, таяқшадан құрастырып шығады.
Тең бөлікке бөлуді түсіндіру.
Мұғалім тақтаға сызып көрсетеді.
Балалар алдарында таяқша мен бөліп көрстеді.
8. Қорытынды бектіу тапсырмасы.(ұпай есептелмейді)
6 - тапсырма. Нүктелерді қос.
Дәптерлеріне нүктелеп белгіленген пішіндерді бастырып, бөлікке бөліп әр түспен бояу. Сайыс қорытындысын шығару, сандықшадағы әр қатысқан тапсырмалары бойынша алған ұпайларын, яғни жұлдызшаларын санап шығару.
Мадақтау


Скачать


zharar.kz