№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Избулова Гүлдана
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: 3. 5 Дұрыс және бұрыс бөлшектер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды дұрыс және бұрыс бөлшектер ұғымымен таныстыру және оларды ажырата білуге үйрету. Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер ережелерін қолданып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. Дұрыс және бұрыс бөлшектерді жазып үйрену;
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, есептер шығару, сұрақ – жауап. сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны математика пәнін оқытуда қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, порталдағы слайд, семантикалық карта, сәйкестендіру кестесі, т. б
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі (шаттық шеңберіне) шақыру
Амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. Құралдарын түгендеу. Сыныптың әзірлігін байқау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (миға шабуыл)
1. 2 - ге қандай сандар бөлінеді?
2. ЕКОЕ дегеніміз не?
3. 3 - ке қандай сандар бөлінеді?
4. 10 - ға қандай сандар бөлінеді?
5. ЕҮОБ дегеніміз не?
6. 5 - ке қандай сандар бөлінеді?
7. Жай бөлшектер дегеніміз не?
8. Бөлшектерді қалай қысқартамыз?
9. Бөлшектің алымы мен бөлімі дегенді қалай түсінесің?
10. Шеңбер дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты ашу
Мысалы, 3 7 және 3 7 бөлшектерінің алымдары бөлімдерінен кіші. Мұндай бөлшектер дұрыс бөлшектер деп аталады.
Сонда: Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
Мысалы, 2 3, 4 9, 3 10, 7 8 - дұрыс бөлшектер
Кез - келген дұрыс бөлшек 1 - ден кіші болады
1 21, 21 21=1