Пішініне қарай

Скачать

Тақырыбы: Ғажайып әлемге саяхат
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер, түстер туралы алған білімдерін бекіту, санамақ арқылы 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санауды пысықтау, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, сте сақтау қабілетін дамыту. Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдық: Әр түрлі геометриялық пішіндер, сандар т. б.
Іс - әрекет кезеңдері:
Мотивациялық - қозғаушылық: Жылулық шеңбері
Көп қызық бар әлемде,
Құштар бол сен білімге.
Бізбен оқы, жалықта.
Білмегенді анықта,
Ойланайық, ойлайық.
Кітаптарды оқиық,
Жеңістерге әрдайым
Біліммен жетейік.
Балалар: Жылулық шеңбер құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру - іздестіру:
Балалар, бүгін Ғажайып әлемге саяхат жасаймыз. Саяхатымызды бастамас бұрын геометриялық пішіндерді есімізге түсіріп алайық. Төбеде ілініп тұрады. Мынау қандай пішін?
- Балалар: Төртбұрыш
Ал мынау ше?
- үшбұрыш, дөңгелек
Балалар, ғажайып әлемге поезбен барамыз. Поезға отыру үшін билет алыңдар. Алған санға сәйкес поезға отырамыз.
- Поезға отырып саяхатқа барады.
Кел балалар, қанеки,
Бәрімізді әлемде.
Жалықпа, сен жалықпа.
Оқы, тоқы, арманда.
Бәрін білген балаға
Жақын болар алыста.
Бірінші аялдама: Санамақ айту аялдамасы
- Балалар, мына қоянға кім көмектеседі. Қоян санай алмай қиналып тұр екен. Қанеки, 1 - ден 5 - ке дейін тура және 5 - тен 1 - ге дейін кері санап жіберейік. Енді осыған орай санамақ айтып жіберейік.
1 - білеу,
2 - егеу,
3 - үйшік,
4 - төсек,
5 - бесік,
6 - асық,
7 - желке,
8 - серке,
9 - торқа,
10 - оймақ.
Екінші аялдама - Түстерді ажырату аялдамасы
Енді әрі қарай жол тартайық, түстер аялдамасына тоқтаймыз. Балалар, мына қуыршақ Әминаға көмектесейік. Ол үшін мына қорапшаға сай дөңгелектерді тауып, кассаға саламыз.
1 - жасыл
2 - сары
3 - көк
4 - сарғыш
Үшінші аялдама – Салыстыру аялдамасы
Мұнда түрлі заттарды салыстыратын боламыз.
1. Пішініне қарай: Есік - төртбұрыш, доп - дөңгелек
2. Көлеміне қарай: алма - үлкен, өрік - кішкентай
3. Кеңістікте орналасуына байланысты: Кассамен жұмыс жасау арқылы
Енді аялдамаға шығып сергіп алайық.
Сергіту сәті Адым
Төртінші аялдама – Адасқан сандар аялдамасы
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар ретімен тұрған жоқ, яғни адасып кетіпті. Адасқан сандарды тауып қою керек.
Балалар: Тауып болады.
Қорытынды: Балалар, осы жерден саяхатымызды аяқтап, топқа оралсақ. Себебі, ғажайып әлем ешқашан таусылмайды. Кейін тағы да барып қайтатын боламыз.
Балалар, әлемдегі ең берік сезім - достық сезімі. Ендеше, достық туралы өлең жолдарын айтайық.
Балалар, балалар,
Тату - тәтті болыңдар.
Достық деген – бұл байлық,
Достарыңды сыйлаңдар.
Нені білді: Геометриялық пішіндерді, олардың түстерін ажырата біледі;
Нені игерді: Сандардың реттік орналасуын, тура және кері санауды, заттарды өзара салыстыру әдістерін


Скачать


zharar.kz